Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2012 жылғы 15 ақпандағы № 30-ө Өкiмi
1. Қоса берiлiп отырған орталық мемлекеттiк органдар басшыларының бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу кестесi (бұдан әрi – кесте) бекiтiлсiн.
2. Орталық мемлекеттiк органдар кестенiң уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн және iс-шара өткiзiлгенiнен кейiн екi күн мерзiмде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiне кестенiң орындалуы туралы ақпаратты жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 1-күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне кестенiң орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгiзсiн.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.
Премьер-Министр К. Мәсiмов