Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1590 Қаулысы
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Телерадио хабарларын тарату туралы» 2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгіленсін.
3. «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 1590 қаулысымен
бекітілген
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін олардың сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік талаптары және құжаттардың тізбесі
Р/с № |
Біліктілік талаптары |
Құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар, жалпы саны кемінде үштен бір бөлікті құрайтын инженер-техникалық мамандардың болуы | Қызметкерлер, оның ішінде телекоммуникация саласында бейіндік жоғары, техникалық немесе кәсіптік білімі және мамандығы бойынша кемінде бір жыл практикалық тәжірибесі бар инженер-техникалық мамандар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | |
2. |
Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелер | Телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларының техникалық сапасын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | |
3. |
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың техникалық мүмкіндіктері | Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастырудың схемасы | |
4. |
Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемелер | Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабарландыруды ұйымдастыру жөніндегі міндеттемені қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | |
5. |
Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыруға арналған техникалық мүмкіндіктер | 1) Телерадио хабарларын тарату желісін ұйымдастыру схемасы; 2) спутниктік оператор ұсынған спутниктік станциялардың қабылдау-тарату желісінде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлар көшірмелері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда); 3) мыналар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтердің нысаны: құрылатын желінің атауы (эфирлі, кабельді, спутниктік) хабар тарату қамтылған аумақ; пайдаланылатын стандарттардағы желінің түрі; даму кезеңдері бойынша таратылатын теле-, радиоарналар (тізбесі және қысқаша сипаттамалары); шартты қолжетімділік жүйелері (оларды пайдаланған жағдайда); желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары; желінің сыйымдылығы және/немесе оның ішінде даму кезеңдері бойынша қосылушылардың саны; Қазақстан Республикасының аумағындағы телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы станцияаралық қосылыстарды ұйымдастыру тәсілі (өтініш берушінің басқа желілерден жалға алған арналары бойынша нақты техникалық құралдарын көрсете отырып, телерадио хабарларын тарату желісінің жеке құралдары бойынша); өтініш берушінің желісін басқа телерадио хабарларын тарату операторларының желілеріне қосуды ұйымдастыру тәсілдері; жиілікті иеленуді алуға қажетті жабдық; бас станцияларға желіде таратылатын телерадиохабар таратудың теле-, радио арналарын жеткізу көздері мен тәсілдері; санитарлық паспорттың болуы (жиілікті иеленуі бар жабдықты қолдану кезінде); пайдаланылатын жердің жасанды спутниктерінің атауы, орналасуы және тиесілілігі, олардың тұру нүктесі, қызмет көрсету аймағы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайында); пайдаланылатын спутниктік ресурстың қолда бар жиіліктер белдеуі (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда); арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда); спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамалары. (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда) (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) |
|
6. |
Теле-, радиокомпаниялар-қ ұқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға алдын ала шарттар (көпбағдарламалық хабарлар тарату үшін) | Теле-, радиокомпаниялар- құқық иеленушілерімен теле-, радио арналарды ретрансляциялауға арналған алдын ала шарттардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | |
7. |
Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен және алаңдар | Әкімшілік-басқару персоналы үшін, халыққа қызмет көрсету үшін, техникалық құралдарды орналастыруға және пайдалануға арналған үй-жайлар мен алаңдардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны (осы Біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес) | |
8. |
Бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізу үшін өлшеу және сынақ жабдығының құралдары | Метрологиялық сипаттамаларды көрсете отырып, қолданылатын өлшеу құралдарының және сынақ жабдығының тізбесі және олардың тексерілгенін немесе метрологиялық аттестатталуын растайтын құжаттар (сертификаттар көшірмелері) |
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі
қызметті жүзеге асыру үшін олардың
сәйкестігін растауға қойылатын біліктілік
талаптары және құжаттардың тізбесіне
қосымша
Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестік туралы
мәліметтер нысаны
1. Қызметкерлер саны:
инженерлік-техникалық мамандар_________________;
мамандық бойынша жұмыс өтілім__________________;
1 жылға дейін__________________________________;
жылдан астам___________________________________.
2. Қамтамасыз ету жөнінде міндеттемелер:
трансляцияның техникалық сапасы: иә/жоқ;
төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуді ұйымдастыру: иә/жоқ.
3. Техникалық мәліметтер:
1) құрылатын желінің атауы: эфирлі/ кабельді/ спутниктік;
2) хабар таратумен қамту аумағы_________________________;
3) желі типі____________________;
стандарт атауы_______________;
стандарт нөмірі______________;
4) таратылатын теле-, арналардың тізімі;
даму кезеңдері бойынша тізбе__________;
қысқаша сипаттама________________;
5) шартты қолжетімділік жүйесі пайдаланған жағдайда__________;
6) желіні басқару және пайдалану жүйесін ұйымдастыру қағидаттары;
7) желінің сыйымдылығы және/немесе қосылушылар саны;
көлемі МГц___________________;
қосылушылар саны_____________;
8) басқа да телерадио хабарларын тарату және байланыс желілерімен өзара іс-қимылы:
шарттың нөмірі_____________;
шарттың жасалған уақыты_____________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
9) нақты техникалық құралдарды көрсете отырып станцияаралық байланыстарды ұйымдастыру тәсілі:
жекеменшік техникалық құралдар бойынша _______________________;
өзге желілерді жалға алған арналар бойынша ___________________;
шарттың нөмірі ______________________;
шарттың жасалған күні _______________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)__________;
10) өтініш берушінің желісін басқа операторлардың желісіне қосуды ұйымдастыру тәсілі:
шарттың нөмірі _________________;
шарттың жасалған күні __________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке- тұлғаның атауы)_________;
11) жиілік алуға қажетті жабдықтың атауы ______________;
12) бас станцияға таратылатын теле-, радиоарналарды жеткізу көздері мен тәсілдері;
студияның орналасқан жері _____________;
пайдаланылатын желінің типі ____________;
13) жиілікті иеленуі бар жабдықтың санитарлық паспортының болуы:
нөмірі және берілген күні ______________;
паспортты берген органның атауы ___________;
паспорттың қолдану мерзімі _______________;
14) жердің жасанды спутниктері (спутниктік байланыс арналарын пайдаланған жағдайда):
атауы ______________;
тиесілігі __________;
орналасқан жері _______________;
қызмет көрсету аумағы ___________;
жиіліктің орналасқан белдеуі ____________;
арнаның жылдамдығы _________________;
спутниктік жүйенің энергетикалық сипаттамасы ___________.
4. Ретрансляциялауға алдын ала жасалған шарттардың болуы шарттың нөмірі _________;
жасалған күні _________________;
шарт кіммен жасалды (заңды және жеке тұлғаның атауы)
_____________________.
5. үй-жайлар мен алаңдардың болуы:
жекеменшік алаңдар ______________;
алаңдар көлемі __________________;
жалға алынған орындар ___________;
орындар көлемі __________________;
шарттың нөмірі __________________;
шарттың жасалған күні ____________;
шарттың кіммен жасалды____________;