Право и СМИ Центральной Азии

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 шілдедегі № 970 Қаулысы

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 26 шілдедегі
№ 970 қаулысымен
бекітілген

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша
конкурс өткiзу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін анықтайды.
2. Теле-, радиокомпаниялардың (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы ретінде Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) әрекет етеді.
4. Комиссия ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.
5. Тізбені қалыптастыру үш жылда бір рет өткізіледі.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

6. Конкурсты өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама, ол өткізілетін күнге дейін қырық күнтізбелік күн қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Конкурс туралы ақпараттық хабарлама мынаны қамтуға тиіс:
1) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні;
2) үміткерлердің өтінімдері салынған конверттерді ашу күні, орны және уақыты.
7. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген нысандағы үміткердің өтінімін (бұдан әрі – өтінім) қабылдаудың басталуы және аяқталуы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Үміткерлер ұйымдастырушыға өтінімдермен қатар, осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген конкурстық ұсыныстар (бұдан әрі – құжаттар) ұсынады.
8. Өтінім және қажетті құжаттар нөмірленген беттерімен тігілген түрде, соңғы беті үміткердің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда жеке тұлға үшін) расталып, жапсырылған конвертте ұсынылады.
9. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
10. Комиссия құжаттар салынған конверттерді үміткерлер мен олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурс өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады.
11. Үміткер өтінімі осы Қағидаларда көзделген нысанға, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Ұйымдастырушы өтінімдерді ашқаннан кейін екі жұмыс күн ішінде ашу хаттамасын жасайды.
Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, Комиссияның қатысып отырған қатысушылары және Комиссия хатшысы қол қояды.
Конвертерді ашу қорытындысы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жариялануы тиіс.
13. Комиссия өтінімдерді ашқаннан кейін бес күннен асырмай, оларды қарайды.
14. Жеңімпаздарды анықтауда теле-, радиобағдарламалардың әлеуметтік маңызы, хабар тарату торында мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту, жастар мен балаларға арналған теле-, радиобағдарламалардың болуы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау іріктеу критерийлері болып табылады.
Сондай-ақ тақырыптық бағыттығы және жанрлық арақатынасы, жеке теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляция көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орта тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті іріктеу критерийлері болып табылады.
15. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
16. Конкурс қорытындысы бойынша Комиссия ұсынымдары Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
17. Конкурс қорытындысы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.
18. Ұйымдастырушы Комиссия хаттамасының көшірмесін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тізбені бекіту туралы қаулысының жобасын конкурс қорытындысы шығарылғаннан соң бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолдайды.

Міндетті теле-, радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасында
телерадио хабарларын
таратуды дамыту мәселелері
жөніндегі комиссияның төрағасы
__________________________

Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне қосылуға өтінім

Жалпы мәліметтер:

1. Толық атауы
Заңды тұлғаның/толық атауы/жеке тұлғаның аты-жөні.
_____________________________________________________________
2. Заңды мекенжайы:
_____________________________________________________________
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:
_____________________________________________________________
4. Теле-, радиоарнаның атауы:
_____________________________________________________________
5. Тақырыптық бағыты:
_____________________________________________________________
6. Таратылу аумағы:
_____________________________________________________________

бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

М.О. 20__ ж. «__» ____________

Міндетті теле-, радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс
өткізу қағидаларына
2-қосымша

Үміткердің конкурстық ұсыныстары

Үміткердің конкурстық ұсыныстары келесі бөлімдерден тұруы керек:
Шығармашылық ұсыныстар
Үміткерлер ұсынуы тиіс:
1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);
2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:
теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, сараптамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);
хабардың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты;
өз теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы;
орта тәуліктік тарату уақытты;
сандық түрде шығармашылық, және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті.
Техникалық ұсыныстар
Үміткерлер ұсынуы тиіс:
1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның түрлері туралы ақпарат;
2) аппаратуралық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасы;
3) эфирге шығарылатын теле-, радиобағдарламаларының дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беру жөніндегі міндеттеме;
4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны қабылдау-жіберу станцияларына дейін беру тәсілі туралы ақпарат.
Қаржылық ұсыныстар
Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
1) анықтама берілген уақытқа дейін үш айдан астам банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;
2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) үш айдан артық мерзімге міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер мен салық берешектерінің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінім конверттерін ашу күнінен бір айдан ерте емес мерзімде берілген бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер және салық берешектері болуы туралы тиісті салық органдарының анықтама түпнұсқасы;
4) техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындары бойынша мәлімет.
Үміткердің пікірінше конкурстың мәні бойынша, Комиссияның конкурстық ұсыныстарды неғұрлым әділ бағалауына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсына алады.