Право и СМИ Центральной Азии

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысы

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:
34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасының интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
50-тармақтың 2) тармақшасында:
сегізінші абзацтағы «мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі.» деген сөздер «мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат.»;
91-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.»;
мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын:
«113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):
1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент және Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;
2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.»;
114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:
1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;
2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;
3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.
Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде  белгіленген тәртіппен келісілген Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді.
Мемлекеттік органдар Президент заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.
Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.
Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы айқындайтын жағдайларды қоспағанда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.
Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.
Әділет министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған  ақпаратты талдап, қорытады және тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.»;
Регламентке 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

 

«

 

 

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат  

 

»;

 

осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Регламентке 6-қосымшамен толықтырылсын;
2) «Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 34, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiнде:
19-1-тармақтың 14) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер заң жобасына заңға тәуелді тиісті нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса берілмесе, қолданылуын қамтамасыз ету үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер қабылдануы қажет заң жобаларына Әділет министрлігінде бұрыштама қойылмайды.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 213 қаулысына
қосымша

 

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша

 

   Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша
ақпарат
__________________________________
(Заңның атауы, күні, №)
_____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
тиісті өкімінің атауы, күні, №)

 

 

Р/с

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат)