«Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы
Заңының 40-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ
ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған орындаушыларға және
фонограммалар шығарушыларға берiлетiн сыйақының ең төменгi ставкалары
бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен
бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
К. Мәсiмов
Қазақстан
Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 23 қарашадағы
№ 1373 қаулысымен
бекiтiлген
Орындаушыларға және фонограммалар шығарушыларға берiлетiн
сыйақының ең төменгi ставкалары
р/с |
Пайдаланудың |
Сыйақының |
|
ақылы |
тегiн |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
|||
1. |
Дәмханалар, барлар (айына әрбiр отыратын орынға) |
0,2 |
0,1 |
2. |
Мейрамханалар (айына әрбiр отыратын орынға) |
0,25 |
0,15 |
3. |
Басқа да қоғамдық тамақтандыру объектiлерi (айына әрбiр |
0,008 |
0,004 |
4. |
Түнгi клубтар (айына әрбiр отыратын орынға) |
билеттердi |
0,2 |
5. |
Казино және басқа да ойын мекемелерi (айына әрбiр отыратын |
0,4 |
|
6. |
Мәдени ойын-сауық орталықтары, кешендер (айына |
0,05 |
|
7. |
Спорттық-сауықтыру орталықтары, кешендерi (айына |
0,01 |
0,001 |
8. |
Жәрмеңкелер, көрмелер, сән көрсетулер, сұлулық және кәсiби |
0,02 |
0,002 |
9. |
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлерi және пансионаттар |
0,2 |
|
10. |
Жолаушылар көлiгi құралдары (әрбiр билеттi сату |
0,001% |
|
11. |
Спорттық жарыстар, спортшылардың көрсетiлiмдiк орындаулары |
0,05 % |
0,001 |
12. |
Конькимен, роликпен жаппай сырғанау орындары (айына осы |
0,05 |
0,01 |
13. |
Театрлар, кинозалдар және фильмдердi демонстрациялауға |
0,01 |
0,001 |
14. |
Мәдени-демалыс ұйымдары (мәдениет және демалыс парктерi, |
0,01 |
0,001 |
15. |
Сауда үйлерi, дүкендер, сауда базарлары және сауда |
0,002 |
|
16. |
Театрландырылған, концерттiк, цирктiк бағдарламалар |
0,02 % |
0,01 % |
17. |
Бұқаралық iс-шаралар, қала күндерi, мейрамдар, |
0,02 % |
0,01 % |
18. |
Музыкалық автоматтар жүйелерi және караоке арқылы (айына әрбiр |
0,2 |
0,1 |
19. |
Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен |
0,1% |
|
20. |
Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен |
0,1% |
|
21. |
Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен |
0,1% |
|
22. |
Қазақстан Республикасында заңнамада белгiленген тәртiппен |
0,1% |
|
2. |
|||
23. |
Орындауларды дыбыс және дыбыстау-бейнелеу жазбаларында |
0,3% |
|
24. |
Орындаулар мен фонограммаларды телефондар (ұялы, |
0,03 |
|
25. |
Орындаулардың дыбыс жазбалары және (немесе) |
0,01 |
Ескертпе:
1. Орындаушылар мен фонограмма шығарушыларға
берiлетiн ең төменгi сыйақы ставкалары орындаулар мен фонограммаларды оларда
белгiленген пайдалану түрлерi үшiн ең төменгi болып табылады.
2. Сыйақының мөлшерiн, оны төлеудiң тәртiбi мен
мерзiмдерiн орындаушылармен, фонограмма шығарушылармен, олардың құқықтық
мирасқорларымен не мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйыммен
жасалатын лицензиялық шартта тараптар белгiлейдi.
3. Сыйақыны төлеу кезiнде осындай сыйақыны төлеу
күнi қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген АЕК
мөлшерi пайдаланылады.
4. Коммерциялық мақсатта жарияланған
орындауларды және фонограммаларды көпшiлiк алдында орындауды, эфир немесе
кабель арқылы хабарлауды жүзеге асыратын немесе ұйымдастыратын заңды және жеке
тұлғалар, оның iшiнде жеке кәсiпкерлер пайдаланушылар болып табылады.
5. Егер мәдени ойын-сауық орталығының,
спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйiнiң аумағында көпшiлiк алдында
орындау, көрсету, жалпы жұрттың назарына хабарлау және жеткiзу арқылы
орындаулар мен фонограммаларды өз бетiнше пайдаланатын 1, 2, 3, 12, 13 және
14-тармақтарда көрсетiлген пайдаланушылар орналасқан жағдайда, сыйақыны төлеу
мiндетi осы пайдаланушыларға жүктеледi.
6. Егер көпшiлiк алдында орындау, көрсету, жалпы
жұрттың назарына хабарлау және жеткiзу арқылы орындаулар мен фонограммаларды өз
бетiнше пайдаланбайтын 1, 2, 3, 12, 13 және 14-тармақтарда көрсетiлген
пайдаланушылар орналасқан мәдени ойын-сауық орталықтың, спорттық-сауықтыру
орталығының, сауда үйiнiң барлық аумағында орындаулар мен фонограммалар
көпшiлiк алдында орындалған, көрсетiлген, жалпы жұрттың назарына хабарланған
немесе жеткiзiлген жағдайда, сыйақыны мәдени ойын-сауық орталығының,
спорттық-сауықтыру орталығының, сауда үйiнiң иесi төлейдi.
7. 21-тармақта көзделген сыйақы мөлшерiн
орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың құқықтарын сақтауды көздейтiн
лицензиялық шарттары бар кәбiлдiк (өткiзгiштi), жерсерiктiк телевизиялық хабар
тарату ұйымдары төлемейдi.
Аббревиатураның толық
жазылуы:
АЕК — айлық есептiк көрсеткiш