Нотариат туралы 1997 ж. 14 шiлдедегі № 155-1 Қазақстан Республикасының Заңы
3-бап. Нотариаттық қызмет және оның кепiлдiктерi
3. Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға кепiлдiк берiледi.
4. Нотариус ретiнде қызметiн тоқтатқан адамдар нотариаттық iс-әрекеттердiң құпиясын сақтауға мiндеттi.
5. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер, нотариус берген құжаттардың көшiрмелерi немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық iс-әрекеттер жүргiзiлген заңды және жеке тұлғаларға, не олардың уәкiлеттi адамдарына ғана берiледi.
2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Нотариаттық iс-әрекеттер туралы мәлiметтер мен құжаттар өздерi жүргiзiп жатқан iстер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының, өздері жүргізіп жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша атқарушылық іс жүргізу органдарының жазбаша талап етуi бойынша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әдiлет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметiн тексерудi жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген нотариат палаталарына берiледi.
18-бап. Нотариустың мiндеттерi
Нотариус:
3) кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруға байланысты өзiне белгiлi болған мәлiметтердi құпия ұстауға;
31-бап. Нотариустың қызметiн бақылау
4. Әдiлет органы мен нотариаттық палатаның лауазымды адамдары нотариус қызметiн тексеру кезiнде мәлiм болған нотариаттық iс-әрекеттер жасау құпиясын сақтауға мiндеттi. Құпияны жария еткенi және нотариусқа келтiрген зияны үшiн бұл адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
60-бап. Ашылған мұра жөнiнде мұрагерлерге хабарлау
1. Ашылған мұра туралы хабарлама алған нотариус тұратын жерi немесе жұмыс орны өзiне белгiлi мұрагерлердi бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.
2. Егер мұрагерлердiң тұрған жерi немесе жұмыс орны белгiсiз болса, нотариус мұраның ашылғандығы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлама бере алады.