Мемлекеттiк статистика туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 98-1 Заңы (2007.28.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
11-бап. Уәкiлеттi органның мiндеттерi
Уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерi өз құзыретi шегiнде:
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлiгi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияны, бастапқы статистикалық ақпараттың жасырын болуын сақтауға;
13-бап. Жеке және заңды тұлғалар құқықтарының кепiлдiктерi
Жеке және заңды тұлғаларға бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығына, статистикалық жұмыстар жоспарына қол жеткiзуге болатындығына кепiлдiк берiледi. Бастапқы статистикалық ақпаратты тарату ақпаратты берген жеке және заңды тұлғалардың келiсiмiмен ғана немесе аты-жөнi көрсетiлмей жүргiзiлуi мүмкiн. Басқа мемлекеттiк органдардан алынған жеке және заңды тұлғалар туралы ақпарат ақпаратты ұсынған мемлекеттiк органдардың келiсiмiмен ғана таратылуға жатады. Бастапқы статистикалық ақпаратты таратудың өзге де жағдайлары:
мемлекеттiк меншiк нысанындағы немесе акцияларының бақылау пакетi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар туралы ақпаратқа;
Мемлекеттiк статистикалық тiркелiмнен алынған құпия емес ақпаратқа қатысты уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.