Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат):
1) 289-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «тану туралы істер жатады.» деген сөздер «тану туралы;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы істер жатады.»;
2) мынадай мазмұндағы 36-3-тараумен толықтырылсын:
«36-3-тарау. Қазақстан Республикасының аумағында
таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік
бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану
туралы өтініштер бойынша іс жүргізу
317-9-бап. Өтініш беру
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтінішті прокурор немесе уәкілетті орган өтініш берушінің орналасқан жері бойынша береді.
317-10-бап. Өтініштің мазмұны
Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп тану туралы өтініште қандай ақпараттың осылай деп танылуға жататыны көрсетілуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне ақпараттық өнімнің сәйкес еместігі туралы куәландыратын дәлелдемелер келтірілуге тиіс. Өтініште мазмұндалған ақпараттың таратылғанын растайтын фактілер өтініште мазмұндалуға тиіс.
317-11-бап. Соттың өтініш бойынша шешімі
Сот Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келетін ақпараты бар шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін заңсыз деп танып, шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтата тұру не тоқтату туралы шешім шығарады.
Соттың шешімі тиісті мемлекеттік органға жіберіледі.».
2. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 494-1-бап мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:
«4. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзушағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, байланыс қызметтерін көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.»;
2) 541-баптың бірінші бөлігіндегі «491-1 (үшінші бөлігінде)» деген сөздер «494-1 (үшінші және бесінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 549-1-баптың бірінші бөлігіндегі «494-1 (бірінші және екінші бөліктерінде)» деген сөздер «494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 636-баптың бірінші бөлігі 1) тармақшасының жиырма екінші абзацында:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
«494-1 (үшінші бөлігі)» деген сөздер «494-1 (үшінші және бесінші бөліктері)» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
1) 236-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «жалпыға ортақ телекоммуникациялық желілердегі веб-сайттарда» деген сөздер «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 263-баптың 11-тармағындағы «Жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілердегі веб-сайтта» деген сөздер «Интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 621-баптың 2-тармағындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат):
14-1-баптың 7-тармағындағы «көпшіліктің қолы жетімді телекоммуникациялық жүйелердегі WEB-сайттарды» деген сөздер «интернет-ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 11-12, 173-құжат; 2000 ж., № 5, 115-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 20, 153-құжат):
22-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының аумағында мазмұны ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін баспа өнімін және шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуға;».
6. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 771-құжат; 2001 ж., № 10, 122-құжат; 2003 ж., № 24, 175-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 12, 77-құжат; 2007 ж., № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 7-құжат):
1) 1-бапта:
2) тармақшадағы «көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және басқалары) WЕВ-сайттарды» деген сөздер «интернет-ресурстарды» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы «көпшілік қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі WЕВ-сайтта берілген» деген сөздер «интернет-ресурста орналастырылған» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) тармақша «және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру» деген сөздермен толықтырылсын;
15) тармақша алып тасталсын;
2) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Бұқаралық ақпарат құралын әкімшілік құқық бұзушылықтар не қылмыстық жазаланатын әрекеттер жасау мақсатында пайдалануға жол берілмейді.»;
3) 5-баптың 1-тармағындағы «WЕВ-сайттарға» деген сөздер «интернет-ресурстарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«13-бап. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру және тоқтату
1. Бұқаралық ақпарат құралын шығару не бұқаралық ақпарат құралының өнімін тарату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша тоқтатыла тұруы не тоқтатылуы мүмкін.
2. Тоқтата тұру деп басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, радио және телевизия бағдарламаларының эфирге шығуын, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды уақытша тоқтату түсініледі. Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұруға үш айдан аспайтын мерзімге жол беріледі.
3. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету, терроризмге қарсы операцияларды жүргізу кезеңінде олардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын ақпаратты тарату, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттау, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық басымдықты насихаттау немесе үгіттеу, порнографиялық және арнайы жыныстық-эротикалық сипаттағы радио-, телебағдарламаларды тарату, сондай-ақ кино- және бейнеөнімдерді көрсету, бұқаралық ақпарат құралын сайлау алдындағы үгіт жүргізу, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың және халықаралық ұйымдардың кандидаттарды, партиялық тізімін ұсынған саяси партияларды ұсынуға және сайлауға, сайлауда белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге кедергі болатын және (немесе) ықпал ететін қызметті жүзеге асыру шарттарын бұзу, үгітке тыйым салынған кезеңде оны жүргізу, ереуілге қатысуға немесе қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу, Қазақстан Республикасының бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, тосқауылдар мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу мақсатында пайдалану, сондай-ақ осы Заңның 3-бабында, 10-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды бұзу, сондай-ақ 14-бабының 3-1-тармағының, 15 және 16-баптарының талаптарын бір жыл ішінде қайталап бұзу заңда белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты насихаттау және үгіттеу, экстремизмді немесе терроризмді насихаттау, ұлтаралық және конфессияаралық өшпенділікті өршітуге бағытталған материалдарды жариялау және ақпаратты тарату, сондай-ақ белгіленген мерзімде бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтата тұру себептерін жоймау бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
5. Меншік иесінің не соттың шешімі бойынша бұқаралық ақпарат құралының шығуын не бұқаралық ақпарат құралы өнімінің таратылуын тоқтата тұрған не тоқтатқан жағдайда, уәкілетті органға хабарлама жіберіледі.
Бұқаралық ақпарат құралын шығаруды не бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды тоқтату оны есепке қою туралы куәліктің күшін жоюға әкеп соғады.».
7. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат):
15-2-баптағы «веб-сайттар», «веб-сайттары», «веб-сайтындағы», «Веб-сайттағы» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстар», «интернет-ресурстары», «интернет-ресурсындағы», «Интернет-ресурстағы» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 14, 81-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 2-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) абоненттер туралы қызметтік ақпарат – абоненттер туралы мәліметтер (жеке тұлғалар үшін телефон нөмірлері, сәйкестендіру кодтары, электрондық почтаның мекенжайы, почталық мекенжай, жеке сәйкестендіру нөмірі және заңды тұлғалар үшін реквизиттері (бизнес-сәйкестендіру нөмірі, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғандығы туралы куәліктің деректері), биллингтік мәліметтер және абоненттерге көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер, деректерді беру желісіндегі абоненттердің мекенжайы және деректерді беру желісіндегі интернет-ресурстарға кірудің адресі, интернет-ресурсты сәйкестендірушілер, деректерді беру желісінің хаттамалары;»;
38-1) тармақшада:
«абоненттік құрылғының» деген сөздерден кейін «немесе абоненттік станцияның» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұялы» деген сөз алып тасталсын;
2) тармақша 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2) 15-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс операторлары байланыс желілерінде қажетті техникалық құралдарды орнатуға, өз жабдықтарының белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен абоненттер туралы қызметтік ақпаратты екі жыл бойы жинау мен сақтауды жүзеге асыруға міндетті.»;
3) 40-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Байланыс операторлары абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндетін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.».
9. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 17, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 7, 38-құжат; № 13, 87-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 19, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 24, 129-құжат):
1) 7-баптың 4) тармақшасындағы «ресми веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-баптың 3-3-тармағындағы «ресми веб-сайтта» деген сөздер «интернет-ресурста» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 9, 25-құжат):
18-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «жалпыға бірдей қол жетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернет және басқалары)» деген сөздер алып тасталып, «WЕВ-сайттар» деген сөздер «интернет-ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
11. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 маусымда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 5-баптың 8-тармағындағы «WEB-сайттарды қоса алғанда, жалпыға бірдей қолжетімді телекоммуникация желілерінде» деген сөздер «интернет-ресурстарды қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 23-баптағы «көпшілікке қолжетімді телекоммуникациялық желілерде (Интернет және басқаларында) WЕВ-сайттар» деген сөздер «интернет-ресурстар» деген сөздермен ауыстырылсын.
12. «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 13-құжат):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді ұйымдастыруды, мемлекеттік ақпараттық
жүйелер мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың ақпараттық қауіпсіздігін техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;»;
11) тармақшадағы «мемлекет атынан меншік иесі», «және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген сөздер алып тасталсын;
15) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 18-1) және 18-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«18-1) интернет-ресурс – ашық ақпараттық-коммуникациялық желіде жұмыс істейтін электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және (немесе) пайдалану технологиясы, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;
18-2) интернет-ресурстың меншік иесі – интернет-ресурсты иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтарын толық көлемде іске асыратын субъект;»;
2) 5-бапта:
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«14) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді олардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттау жүргізу тәртібін бекіту;»;
15) тармақшадағы «веб-сайттарында» деген сөздер «интернет-ресурстарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) тармақшадағы «айқындау жатады.» деген сөздер «айқындау;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымды айқындау жатады.»;
3) 6-бапта:
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды сынақтан өткізу, оларды және нормативтік құжаттаманы тіркеу, беру, сақтау, депозитке берудің толықтығын қамтамасыз ету және оларды тіркеу, депозитарийге беру мен сақтау туралы мәліметтерді ұсыну тәртібін бекіту;»;
16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«16) мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін әзірлеу және бекіту;»;
17) тармақшадағы «веб-сайтын» деген сөздер «интернет-ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
6) және 10) тармақшалар алып тасталсын;
7) тармақшадағы «веб-сайты», «веб-сайттарының» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурсы», «интернет-ресурстарының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның өкілеттігі
Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым:
1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға қатысады;
2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізеді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізеді;
3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді жүзеге асырады;
4) мемлекеттік органдардың Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады;
5) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысады;
6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді;
7) «электрондық үкімет» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;
8) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды құруға және техникалық сүйемелдеуге қатысады.»;
6) 17-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға беру оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.»;
7) 19-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға жатады.»;
8) 21-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:
«3. Сот ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша таратылатын ақпаратты осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің талаптарына қайшы келеді деп таныған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдар, байланыс операторлары, интернет-ресурстардың меншік иелері бұқаралық ақпарат құралы өнімінің Қазақстан Республикасының аумағында таратылуын не бұқаралық ақпарат құралының шығарылуын тоқтата тұруға не тоқтатуға міндетті.
4. Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру туралы сот шешімі үш айдан аспайтын мерзімге сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.
Интернет-ресурс бұқаралық ақпарат құралы болып табылған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтату туралы сот шешімі домендік атаудың тіркелуінің күшін жоюға және тіркелуінің сот шешімімен бұрын күші жойылған сол атаумен немесе қайталанатын атаумен домендік атауды бір жыл бойы пайдалануға тыйым салуға әкеп соғады.»;
9) 23-баптың 10 және 11-тармақтарындағы «ұлттық операторға», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымға», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-баптың 1 және 6-тармақтарындағы «ұлттық оператор» деген сөздер «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 25-баптың 5 және 6-тармақтарындағы «ұлттық оператор», «Ұлттық оператордың», «Ұлттық оператор» деген сөздер тиісінше «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның», «Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 6 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 7 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
бүкіл мәтін бойынша «веб-сайттарда», «веб-сайттың», «веб-сайты», «веб-сайтында», «веб-сайтта», «веб-сайт», «Веб-сайтта», «веб-сайтынан», «веб-сайтын» деген сөздер тиісінше «интернет-ресурстарда», «интернет-ресурстың», «интернет-ресурсы», «интернет-ресурсында», «интернет-ресурста», «интернет-ресурс», «Интернет-ресурста», «интернет-ресурсынан», «интернет-ресурсын» деген сөздермен ауыстырылсын.
14. «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат):
7-баптың 2-тармағы 2) тармақшасындағы «веб-сайтты» деген сөздер «интернет-ресурсты» деген сөздермен ауыстырылсын.
15. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат):
61-баптың 3-тармағындағы «веб-сайтында» деген сөздер «интернет-ресурсында» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң, 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев


Астана, Ақорда, 2009 жылғы шілденің 10-ы.

№ 178-ІV ҚРЗ