«Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 наурыздағы № 451 Қаулысы

«Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі;
2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін.
2.Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 630-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 645 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 329-құжат);
3) «Халыққа телекоммуникацияның әмбебап қызметтерін көрсететін байланыс операторларының шығындарын өтеу үшін телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1039 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 492-құжат).
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 наурыздағы
№ 451 қаулысымен
бекітілген