Бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын ұйымдастыру туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 27 және 28-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 12 қаңтарда бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысы (бұдан әрі – саяси пікірсайыс) ұйымдастырылсын және өткізілсін.
2. Қоса беріліп отырған Саяси пікірсайыс өткізудің регламенті бекітілсін.
3. Осы қаулы бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың назарына жеткізілсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменге жүктелсін.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Астана, 2012 жылғы 09 қаңтар
№ 2/155