Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының нормативтерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 1), 2), 3) және 5) тармақшаларында «және аудандық» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай нормативтері белгіленсін:
1) сайлау алдындағы бағдарламаны теледидар арқылы баяндау – 43 200 (қырық үш мың екі жүз) теңге сомасында;
2) бағдарламаны радио арқылы баяндау - 10 000 (он мың) теңге сомасында;
3) баспа басылымдарында екі мақала жариялау – 63 900 (алпыс үш мың тоғыз жүз) теңге сомасында;
4) үгіттiк баспа материалдарын басып шығару - 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.».
2. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 23 желтоқсан
№ 75/139