Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi тұжырымдамасы туралы

Қазақстан Республикасы Призидентiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегi № 151 Жарлығы

________________________________________

Қазақстан Республикасының Президентi
мен Үкiметi актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) бекiтiлсiн.
2. Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар:
1) өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етсiн;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2011 жылғы 14 қарашадағы
№ 174 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасы ақпараттық қауiпсiздiгiнiң 2016 жылға дейiнгi
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Астана, 2011 жыл
Мазмұны
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi дамытудың пайымы
Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
Ағымдағы ахуалды талдау
Мақсаттар мен мiндеттер
Орындау кезеңдерi және межеленген нәтижелер
2. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi дамытудың негiзгi қағидаттары мен жалпы бағыттары
3. Тұжырымдаманы iске асыруды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн
қамтамасыз етудi дамытудың пайымы
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) қоғам мен мемлекеттiң ақпараттық саладағы мүдделерiн қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мақсатында әзiрлендi.
Тұжырымдама «Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейiнгi даму стратегиясының негiзгi ережелерiне сай келедi, мұнда ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiндегi ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету ұзақ мерзiмдi негiзгi басымдықтардың бiрi болып айқындалған.
Тұжырымдама ағымдағы ахуалды бағалауға негiзделген және ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты, мемлекеттiк органдар қызметiнiң перспективаларын анықтайды.
Тұжырымдама Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпiсiздiгi туралы», «Мемлекеттiк құпиялар туралы», «Терроризмге қарсы iс-қимыл туралы», «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi.
Тұжырымдаманы әзiрлеу кезiнде ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы қазiргi халықаралық тәжiрибе, атап айтқанда АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Канаданың, Ресей Федерациясының, Үндiстанның, Эстонияның тәжiрибесi есекерiлдi. Тұжырымдамада заңнамалық, нормативтiк-әдiстемелiк, ұйымдастырушылық, технологиялық және кадрмен қамтамасыз етудi қамтитын ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн iске асырудың тиiстi халықаралық тәжiрибесiне сай келетiн кешендi ұстанымы сақталған.
Сондай-ақ Тұжырымдаманың ережелерiне 2008 жылғы 10 қазанда Бiшкек қаласында қол қойылған, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы тұжырымдамасының, «Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы халықаралық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 1 маусымдағы Заңымен ратификацияланған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердiң үкiметтерi арасындағы халықаралық ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң негiзгi бағыттары енгiзiлген.
Тұжырымдама мемлекет пен қоғамның ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оларды iшкi және сыртқы қатерлерден қорғау жөнiндегi Қазақстан Республикасы қызметiнiң маңызы мен мазмұнына ресми көзқарастар жиынтығын бiлдiредi. Тұжырымдама жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мiндеттердi, басымдықтарды, бағыттар мен межеленген нәтижелердi анықтайды. Ол Қазақстан Республикасының ақпараттық саладағы ұлттық мүдделерiн қорғаудағы мемлекеттiк билiк органдарының, бизнес пен қоғамдық бiрлестiктердiң сындарлы өзара iс-қимыл жасауы үшiн негiз болып табылады. Тұжырымдама ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясатын, сондай-ақ осы саланы реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру үшiн әдiснамалық негiздi қалыптастыру мен iске асыру ұстанымдарының бiртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Экономикалардың ашықтығы деңгейiнiң өсуi, тауарлар, капитал мен еңбек ресурстары қозғалуының еркiндiгi, тұлғааралық өзара iс-қимыл iшкi және сыртқы саяси, экономикалық және ақпараттық процестердiң аражiгiн жояды.
Технологиялық эволюция жеке тұлғаға, қоғамға және мемлекетке бұрын қол жеткiзу мүмкiн болмаған келеңсiз ықпалын тигiзе отырып, мүлдем жаңа қатерлер көзiне айналуда.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен жаһандық коммуникациялық тетiктердiң рөлi және ықпалы күшейе түсуде. Ақпараттық технологиялар кездейсоқ және әдейi ықпал етудiң алдында өте әлсiз болатын, тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң маңызды объектiлерiн басқаруда кеңiнен қолданыс тапты.
Осы Тұжырымдама ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында елдiң алдында негiзгi стратегиялық мақсаттарды, мiндеттер мен бағыттарды айқындайды.
Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар
Елдiң ақпараттық қауiпсiздiгi осы құжатта өзара байланысты екi аспектiмен қаралады: техникалық және әлеуметтiк-саяси.
Техникалық аспект ақпараттың тұтастығын, жасырын болуын және қолжетiмдiгiн қамтамасыз ету үшiн ұлттық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелердi, ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымды авторсыз қолжетiмдiлiктен, пайдаланудан, ашудан, бұзудан, өзгертуден, оқудан, тексеруден, жазудан немесе жойылудан қорғауды қамтамасыз етудi көздейдi.
Әлеуметтiк-саяси аспект ұлттық ақпараттық кеңiстiктi және бұқаралық ақпарат тарату жүйелерiн Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн мақсатты келеңсiз ақпараттық және ұйымдық әсер етуден қорғау болып табылады.
Ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк техникалық саясаты - Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi, мыналарды:
киберкеңiстiкте ақпаратты өңдеудi, берудi, сақтау мен қорғауды;
бағдарламалық-аппараттық кешендердi әзiрлеудi, пайдалануды, қорғауды реттейтiн көзқарастар, қағидалар мен практикалық әдiстер жиынтығы.
Ақпаратты қорғау жүйесi - мемлекеттiк органдар және ұйымдар жиынтығы, олар пайдаланатын ақпаратты қорғау техникасы, сондай-ақ ақпаратты қорғау саласындағы тиiстi құқықтық, ұйымдастырушылық-өкiмдiк және нормативтiк құжаттармен белгiленген қағидалар бойынша ұйымдастырылған және жұмыс iстейтiн қорғау объектiлерi.
Ақпараттық соғыс - ол әдеттегiдей әскери күштi пайдаланбай, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып қақтығыстар жүргiзу тәсiлi, қоғам мен мемлекеттi тұрақсыздандыру үшiн ақпараттық жүйелерге, процестер мен ресурстарға, аса маңызды және басқа да құрылымдарға зиян келтiру, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйелердi бүлдiру, халықты жаппай психологиялық үгiттеу, сондай-ақ қарсылас тараптардың мүдделерiне орай шешiм қабылдауға мемлекеттi мәжбүрлеу мақсатында ақпараттық кеңiстiктегi қарсы күрес сияқты соғыс түрi.
Ақпараттық инфрақұрылым - ақпарат түзу, дайындау, түрлендiру, беру, пайдалану және сақтау үшiн пайдаланылатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң, ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң техникалық құралдарының жиынтығы.
Ақпараттық кеңiстiк - ақпаратты түзумен, дайындаумен, түрлендiрумен, берумен, пайдаланумен, сақтаумен байланысты әсер ететiн, оның iшiнде жеке және қоғамдық санаға, ақпараттық инфрақұрылым мен өзiндiк ақпаратқа әсер ететiн қызмет саласы.
Ақпараттық қылмыс (киберқылмыс) - ақпараттық технологияларды пайдаланумен жасалатын, қылмыстық-жазалау әрекетiн көздейтiн, қылмыс түрi.
Ақпараттық терроризм - ақпараттық ресурстар пайдаланылатын немесе (және) оларға ақпараттық кеңiстiкте әсер ететiн террористiк мақсатта жүзеге асырылатын қызмет.
Ақпараттандырудың аса маңызды объектiлерi - ұзақ уақыт кезеңге жұмыс iстеуiнiң тоқтауы немесе бұзылуы елдiң қорғанысы, қауiпсiздiгi, халықаралық қатынастары, экономикасы, шаруашылығының немесе инфрақұрылымының жекелеген салалары үшiн не тиiстi аумақта тұрып жатқан халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн төтенше жағдайға немесе айтарлықтай келеңсiз салдарға әкелетiн ақпараттық және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектiлерi.
Контент - бұқаралық коммуникация құралдарын кез келген ақпараттық маңызды толтыру. Бұқаралық коммуникация құралдары деп бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, радио, телевизия, интернет) мен бұқаралық ықпал ету құралдарының (театр, кино, цирк, көрiнiстер, әдебиет) жиынтығы түсiнiледi.
Қоғамдық сана - қоғамдық тұрмысты бейнелейтiн және оған әсер ететiн сезiмдер, көңiл-күй, көзқарастар, идеялар, теориялар жиынтығындағы қоғамның рухани өмiрi. Қоғамдық сана оның жеке адамдарын құрайтын жиынтығына жинақталмайтын, дербес тұтас жүйе ретiнде қаралады.
Электрондық ақпараттық ресурстар - электрондық түрде сақталатын, ақпараттық жүйелерде қамтылатын ақпарат (ақпараттық деректер қоры).
Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан Республикасының егемен әрi өркендеушi мемлекет ретiнде iлгерi даму процесiн жалпы әлемдiк үрдiстер мен болмыстар аясынан тыс қарау мүмкiн емес. Адамзат адамдардың, қоғамның және мемлекеттiң өмiрiне ықпал ететiн, басты факторлардың бiрiне айналған ақпараттық саланың тез дамуын сипаттайтын түбегейлi әлеуметтiк, экономикалық, саяси және басқа да өзгерiстер кезеңiне қадам басты.
Әлемнiң жетекшi мемлекеттерi жаңа технологияларға, жаңа әдiстер мен жаңа ұстанымдарға негiзделген ақпараттық қоғамның дәуiрiне ендi немесе оны құру процесiнде тұр. Сайып келгенде оларды пайдалану азаматтардың конституциялық құқықтарын iске асырудың, халықтың әл-ауқатын жақсартудың, компаниялардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың, мемлекеттiлiктi нығайтудың барабар жаңа болмысына ықпал етуi тиiс. Мемлекеттiк органдар үшiн ақпараттық қоғам азаматтарға қызметтер көрсету рәсiмдерiн тиiмдi жаңартуға, мемлекеттiк аппарат жұмысының тиiмдiлiгi мен азаматтардың оларға сенiмдiлiк деңгейiн арттыруға мүмкiндiк бередi.
Осылайша, ақпараттық қоғам дамуының дәрежесi мемлекеттiк институттардың жұмыс iстеу процесiне, әрбiр елдiң экономикасы мен қорғаныс қабiлетiне тiкелей ықпал етедi. Қазiргi заман болмысында азаматтардың қажеттiлiктерiне барабар ақпараттық қоғамның болуы мемлекеттiң әл-ауқатының қажеттi шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасының ақпараттық саладағы негiзгi ұлттық мүдделерi:
1) азаматтардың ақпаратты алу және таратуға конституциялық құқықтарын iске асыру;
2) ақпараттық қоғамның қалыптасуы және дәйектi дамуы;
3) мемлекеттiң әлемдiк ақпарат алмасуға тең құқылы қатысуы;
4) елдiң бiрыңғай ұлттық ақпараттық кеңiстiгiнiң қалыптасуы, жұмыс iстеуi және қорғалуы;
5) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың озық дамуы;
6) мемлекеттiк билiк органдарын тиiмдi және уақтылы ақпараттық қамтамасыз ету;
7) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi, сондай-ақ өзге де қорғалатын ақпаратты жоғалту және жария ету фактiлерiне жол бермеу;
8) өте маңызды ақпараттық жүйелердiң, ресурстар мен қолдаушы инфрақұрылымның жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Қоғам мен мемлекеттi ақпараттандыру процестерiнiң жедел дамуы, оның iшiнде «электрондық үкiметтi» озық дамыту нәтижесiнде Қазақстан Республикасында ақпараттық қоғамды құру үшiн басты алғышарттар қалыптасты. Мәселен, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының 2010 жылғы электрондық үкiмет технологияларын пайдалануға елдердiң дайындығы рейтингiнiң деректерiне сәйкес Қазақстан 192 елдiң iшiнде 46-орынды (2008 жылы 81-орын) иелендi.
Сонымен бiрге, жоғарыда аталған процестердiң дамуы елдiң ақпараттық қауiпсiздiгiнiң қазiргi проблемалары мен қатерлерiнiң күшеюiне және жаңаларының туындауына әкеледi.
Мемлекетаралық қатынастарда ақпараттық қысымды жаһандық бәсекелестiктiң пәрмендi тетiгi ретiнде пайдалану үрдiсi қарқын алып келедi. Ақпараттық соғыс пен ақпараттық өктемдiктiң түрлi құралдарын пайдалану iрi әлеуметтiк, экономикалық және саяси қақтығыстарды шешудiң ажырамас құралына айналды. Таралған компьютерлiк шабуылдар жүргiзу жолымен Интернет-БАҚ-ты бұғаттау әдiстерi белсендi пайдаланылуда. Әлемнiң жетекшi елдерi өз қарулы күштерi құрамында ақпараттық әскерлер құрды және оларды белсендi пайдалану ниеттерiн жасырмайды.
Таратылатын ақпараттың жаһандық мониторингiн жүзеге асыру мүмкiндiгi бар әлемнiң дамыған елдерi оның нәтижелерiн саяси, экономикалық, әскери, экологиялық және басқа да мемлекетаралық қатынастар аспектiлерiнде бiржақты басымдық алу үшiн пайдаланады.
Экстремистiк және террористiк ұйымдар мен топтар өз идеологияларын насихаттау, пiкiрлестерiн тарту мен оқыту, әртүрлi террористiк топтармен байланыста болу және қаржыландыру үшiн жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желiлер мүмкiндiктерiн барынша белсендi пайдалануда. Қазақстан жастары арасында әртүрлi пайымдағы радикалды идеяларды тарату алаңдаушылық туғызады. Қазақстан азаматтары мақсатты насихаттың әсерiмен, оның iшiнде Интернет желiсi арқылы әлемнiң түрлi өңiрлерiндегi заңсыз акцияларға қатысу жағдайлары байқалуда. Террористiк қызметтi жүзеге асыру әдiсi сияқты мемлекеттiң ақпараттық жүйелерiне компьютерлiк шабуылдарды пайдалану қаупi өсуде. Мұндай шабуылдар көптеген елдерде бiрнеше рет тiркелдi.
Ақпараттық қылмыстың (киберқылмыстың), оның iшiнде ұйымдасқан трансұлттық қылмыстық топтар қызметiнiң таралуы айтарлықтай проблеманы құрайды. Киберқылмыстардың ерекшелiгi олардың аса жасырын болуы. Осының салдарынан, қазiргi заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалған ресми тiркелген қылмыстар нақты жасалған қылмыстың азғана бөлiгiн құрайды. Ақпараттық қылмысқа қарсы күрес құқық қорғау органдарынан және арнайы қызметтерден шет елдердiң арнайы қызметтерi мен құқық қорғау органдарымен бiрiгiп, үйлестiрiлген iс-қимыл жасау жолымен барабар жедел әрекет етудi талап етедi.
Қылмыстың осы түрi Қазақстан аумағында тарала қоймағанына қарамастан, бүгiнгi күнi оның серпiнi қажеттi құқықтық, ұйымдық және техникалық құралдардың болмауынан дәлелдеуi қиындық тудыратын, қылмыс жасаудың жаңа тәсiлдерiнiң пайда болуымен, телекомммуникациялық технологияларды пайдаланудың тұрақты өсу үрдiсiмен, әккiлiгiмен сипатталады.
Ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қарсы iс-қимыл жасаудың нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге, техникалық қайта жарақтандыруды жүзеге асыруға, жұртшылықты кеңiнен тартуға, қарсы iс-қимыл жасаудың жаңа үлгiлерi мен әдiстерiн iздеуге негiзделген жаңа тұжырымдамалық шараларын әзiрлеу қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
Әлемнiң әртүрлi елдерiнде экономикалық, саяси және әлеуметтiк жағдайлардың дамуына жаһандық бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялық тетiктердiң рөлi мен әсерi күшеюде. Соңғы жылдары экономикалық және саяси жағдайы әртүрлi елдерде болған терең өзгерiстер бұқараны, оның iшiнде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану: әлеуметтiк желiлер, ұялы телефондар мен арнайы сайттар арқылы қысқа хабарламаларды (SMS) жаппай жiберу арқылы басқарудың жаңа технологияларының осы процестердегi басты рөлiн көрсетедi. Қазақстан халқының арнайы желiлер мен блогтарды кеңiнен пайдалануы iшкi саяси ахуалға Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесiне зиян келтiретiн мақсатты ықпал ету үшiн оларды пайдалануға мүмкiндiк бередi.
Ұлттық ақпараттық кеңiстiктiң ашық болуына және шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының, оның iшiнде телевизияның және интернет-ресурстардың (пошта қызметтерi, әлеуметтiк желiлер, блогтар мен бейнепорталдар) танымалдығына байланысты халықтың қоғамдық санасына ақпараттық әсер етудiң нақты қаупi пайда болып отыр. Ақпараттық ықпал ету Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне қайшы келетiн идеяларды тiкелей күштеп таңу түрiнде және ақпаратпен айла-шарғы жасау арқылы немесе оған үрдiстi шолу жүргiзiп, жасанды қолдау көрсететiн белгiлi бiр ақпараттық көрiнiс құру түрiнде де көрiнуi мүмкiн. Қоғамдық санамен осындай айла-шарғы жасауға қарсы iс-қимыл жасау үшiн мемлекеттiк ақпараттық саясаттың тиiмдiлiгiн едәуiр жақсарту, мемлекеттiк органдардың ашықтығын жоғарылату, азаматтардың ақпарат алу құқықтарының қамтамасыз етiлуiн арттыру талап етiледi.
Отандық контенттiң бәсекеге қабiлетсiздiгi проблемасы айтарлықтай қатер тудыруда. Оның сапасы шетелдiк ақпараттық және ойын-сауық өнiмдерiмен толық бәсекелесу үшiн жеткiлiксiз болып отыр. Ұлттық ақпараттық кеңiстiктiң ашық жағдайында бұл оның танымалдығының төмендеуiне алып келедi. Танымалдығының төмен болуы, өз кезегiнде оны өндiруге айтарлықтай инвестиция тартуға мүмкiндiк бермейдi, бұл отандық контент өндiрiсiнiң аса жеткiлiксiздiгiне алып келедi.
Мемлекеттiң, бизнестiң және қоғамның отандық ақпараттық технологияларға тиiстi қажеттiлiгiнiң болмауы шетелдiк жабдықтар мен ақпараттық жүйелердi ерiксiз пайдалануға алып келедi. Нәтижесiнде деректер қоры мен банктерiне рұқсатсыз қол жеткiзу ықтималдығы күшейедi, сондай-ақ елдiң шетелдiк компьютерлiк және телекоммуникациялық және бағдарламалық қамтамасыз ету техникаларын өндiрушiлерге тәуелдiлiгi артады.
«Электрондық үкiмет» құрамына енгiзiлген мемлекеттiк деректер қорлары қорғалуының жай-күйiн тексеру азаматтардың жеке деректерiн қорғаудың барабар құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық режимiнiң жоқ екенiн көрсеттi. Тиiстi тетiктердiң болмауы жеке деректердi криминалдық мақсаттарда, оның iшiнде құжаттарды қолдан жасау, алаяқтық, әртүрлi дерекқорларды заңсыз көшiру және тарату мақсатында жеке қорларды терiс мақсатта пайдалану үшiн алғышарт жасайды.
Ақпаратты қорғау жүйесiнiң жұмыс iстеу тиiмдiлiгi жеткiлiксiз. Атап айтқанда, ақпараттарды рұқсатсыз қол жеткiзу мен көшiруден қорғаудың техникалық құралдары нашар пайдаланылады. Ақпараттың таралуына қарсы әрекет ететiн қауiпсiздiк саясаты мен ұйымдық-техникалық шаралар iске асырылмайды, бұл өкiлеттiктердi пайдакүнемдiк мақсаттарда пайдалануға әкеледi. Деректердi қорғаудың жүйесiздiгi және жалпымемлекеттiк ауқымда ақпаратты қорғау жөнiндегi шаралардың нашар үйлестiрiлуi, ақпараттың тұтастығы мен құпиялылығын қамтамасыз етудегi ведомстволық бытыраңқылық маңызды ақпараттың жоғалуына ықпал етедi.
Ақпараттық-коммуникациялық салада, оның iшiнде ақпараттық қауiпсiздiк саласында да бiлiктi кадрлардың жетiспеушiлiгi проблемасы өткiр болып қалуда. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар нарығындағы көшбасшылық ететiн талдау компанияларының бiрi IDC компаниясының деректерiне сәйкес АТ-мамандар саны 2010 жылы Қазақстанда 100 мың тұрғынға 113 адамды құрады, бұл Малайзияға қарағанда 12 есе және АҚШ-пен салыстырғанда 29 есе төмен.
Мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың мемлекеттiк құпияларды қорғау, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында жұмыс iстейтiн мамандарын оқыту, бiлiктiлiгiн арттыру процестерi мен тәсiлдерiн одан әрi жетiлдiру талап етiледi.
Жалпы құқықтық және ақпараттық мәдениеттiң, оның iшiнде қазақстандық қоғамда киберкеңiстiктi қауiпсiз пайдалану дағдыларының салыстырмалы түрде төмен деңгейi белгiлi бiр қатер тудырады.
Ақпараттық саланың құқықтық қамтамасыз етiлуi уақыт ағымының қажеттiлiктерiнен едәуiр артта қалуда. Ақпараттың әртүрлi санатын, ақпараттық ресурстарды, ақпараттық өнiмдердi, ақпараттық қызметтердi iздеу, алу және тұтынуды жүзеге асыру кезiнде туындайтын ақпараттық құқықтық қатынастарды реттейтiн құқықтық тетiктер жеткiлiктi пысықталмаған. Ақпаратты, ақпараттық ресурстарды, ақпараттық өнiмдердi, ақпараттық қызметтердi өндiру, беру және тарату процестерiн реттейтiн құқықтық тетiктер жақсарту мен өзектiлендiрудi қажет етедi. Ақпараттық жүйелердi, олардың желiлерiн, қамтамасыз ету құралдарын, телекоммуникациялық инфрақұрылымды құру және қолдану кезiнде туындайтын ақпараттық құқықтық қатынастарды реттеу мәселесi аса өткiр болып отыр. Ақпараттық қылмыстарға қарсы iс-қимылды қамтамасыз етудiң қазiргi жай-күйi пайдаланылатын құқықтық тетiктер үйлесiмiнiң жеткiлiксiздiгiмен, заңнамалық бастамалар субъектiлерiнiң оларды дамыту және жетiлдiру жөнiндегi қызметiнiң бөлшектенуiмен, тиiмдiлiгiнiң жетiспеушiлiгiмен, құқықтық нормалардың қарама-қайшылығымен, құқықтық статистиканың жетiлмеуiмен де сипатталады.
Жоғарыда аталған проблемалар ақпараттық саланы құқықтық қамтамасыз етуде мемлекеттiң ақпараттық қауiпсiздiгiне айтарлықтай қатер төндiредi. Қазақстан Республикасында заңнаманың жеке саласы - ақпараттық құқықты қалыптастырудың қажеттiлiгi туралы мәселе күн тәртiбiнде өткiр тұр.
Соңғы уақытта Қазақстан Республикасының халықаралық ақпарат алмасуға және ақпараттық қауiпсiздiктi халықаралық реттеу процестерiне тең құқылы қатысу проблемасы өзектi бола түсуде. Ұлттық мүдделердi қорғап қалу қажеттiлiгi мемлекеттiк органдардың қазiргi халықаралық ұйымдар қызметiнiң шеңберiндегi белсендiлiгiн арттыруын қажет етедi.
Осылайша, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң ағымдағы жай-күйi мынадай қатерлермен сипатталады:
1) аса маңызды ақпараттандыру объектiлердiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң жетiлмеуi және жұмысының бұзылуы;
2) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жасаудың, енгiзу мен пайдаланудың қоғамның объективтi қажеттiлiгiне жауап бермейтiн төменгi деңгейi;
3) Қазақстан Республикасының ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау құралдары импортына тәуелдi болуы, оларды пайдалану елдiң ұлттық мүдделерiне зиян келтiруi мүмкiн;
4) әлемдiк жетекшi күш орталықтары арасындағы ақпараттық, қарсы тұрудың үдей түсуi, ақпараттық кеңiстiкте шет мемлекеттердiң күреске дайындалуы және жүргiзуi;
5) жаһандық ақпараттық мониторинг саласындағы шет мемлекеттердiң дәйексiз саясаты, ақпараттар мен жаңа ақпараттық технологиялардың таралуы;
6) ақпаратпен айлы-шарғылар жасау технологиясының дамуы;
7) елдiң ұлттық мүдделерiне нұқсан келтiретiн, қоғамдық сана мен мемлекеттiк институттарға арандатушы ақпараттық әсер ету мүмкiндiктерi;
8) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiне зиян келтiруге қабiлеттi сенiмсiз және қасақана бұрмаланған ақпарат тарату;
9) ұлттық ақпараттық кеңiстiктiң ашықтығы және сыртқы әсерлерге осалдығы;
10) мемлекеттiк саясатты ақпараттық қамтамасыз ету тиiмдiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi;
11) ұлттық ақпараттық кеңiстiктiң әлсiз қорғалуы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi;
12) ұлттық контент сапасының қазақстандық қоғамның объективтi қажеттiлiктерiне және әлемдiк деңгейге сәйкес келмеуi;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын қылмыстың, оның iшiнде трансұлттық қылмыстың, сондай-ақ экстремистiк, террористiк әрекеттiң көбеюi;
14) Қазақстан Республикасының ақпараттық ресурстарына оның ұлттық мүдделерiне зиян келтiруге әкелетiн, сырттан рұқсат етiлмеген қол жеткiзуге әрекет жасау;
15) шетелдiк барлау және арнайы қызметтерiнiң, сондай-ақ шетелдiк саяси және экономикалық құрылымдардың Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған қызметi;
16) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын құрайтын мәлiметтермен жұмыс iстеу кезiнде құпиялылық режимiнiң бұзылуы, сондай-ақ қолжетiмдiлiгi шектелген ақпаратпен жұмыс iстеу кезiнде қасақана құқыққа қайшы әрекет пен абайсызда жасалған қателер мен жолсыздықтар;
17) ақпараттық саланы құқықтық реттеу жүйесiнiң жеткiлiксiз дамуы;
18) дүлей зiлзалалар мен апаттар;
19) жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң ақпараттық саладағы заңды құқықтары мен мүдделерiн бұзуға әкелетiн мемлекеттiк құрылымдардың құқыққа қайшы әрекетi.
Мақсаттар мен мiндеттер
Тұжырымдаманың мақсаты ақпараттық саладағы Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерiн қорғауды кепiлдiк беретiн ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн құру болып табылады.
Көрсетiлген мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай мiндеттер кешенiн шешу қажет:
1) елдiң ұлттық ақпараттық инфрақұрылымы мен бiрыңғай ұлттық ақпараттық кеңiстiгiнiң қорғалуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн ақпараттық қауiпсiздiктi басқару жүйесiн дамыту;
2) ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiртұтас мемлекеттiк техникалық саясатты әзiрлеу және iске асыру, оның iшiнде ақпаратты қорғаудың ұлттық жүйесiн дамыту және нығайту;
3) ақпараттық саладағы жеке тұлғаның құқықтарын және қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн қорғау;
4) отандық ақпараттық кеңiстiктi дамыту;
5) ақпараттық саланы реттейтiн заңнаманы жетiлдiру;
6) Қазақстан Республикасының жаһандық ақпараттық желiлер мен жүйелердi құру және пайдалану процестерiне белсендi қатысуын қамтамасыз ету (халықаралық ынтымақтастық).
Орындау кезеңдерi және межеленген нәтижелер
Тұжырымдаманы iске асырудың тиiмдiлiгi мүдделi мемлекеттiк органдардың, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың, қалың жұртшылықтың күш-жiгерiн шоғырландыру деңгейiне байланысты болады.
Тұтас алғанда, Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету 5 жылдың iшiнде жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесi бойынша мыналарға қол жеткiзiлетiн болады:
1) ақпараттық технологиялар мен телекоммуникацияларды дамыту;
2) санкцияланбаған қол жеткiзуге, ақпаратты жоғалтуға немесе бұрмалауға әкелетiн оқиғаларға жол бермеу қамтамасыз етiлетiн болады;
3) ақпараттық қауiпсiздiк талаптары бойынша мемлекеттiк ақпараттық жүйелердi жыл сайын 100% аттестаттау қамтамасыз етiлетiн болады;
4) тұтынушылардың отандық ақпараттық өнiмге деген сұраныс деңгейi 2012 жылы - 35%, 2013 жылы - 40%, 2014 жылы - 45%, 2015 жылы - 50%, 2016 жылы - 55% құрайды;
5) БАҚ-тағы отандық контент үлесiн 50% деңгейде ұстап тұратын болады;
6) Интернет желiсiне қолжетiмдiлiгi бар азаматтардың үлесi ұлғаяды, ол 2012 жылы - 34,6%, 2013 жылы - 35,2%, 2014 жылы - 35,8%, 2015 жылы - 36%, 2016 жылы - 36,6% құрайды;
7) ақпараттық қауiпсiздiк проблемасынан ақпараттық жүйелердегi iркiлiстi жоюды қамтамасыз ету деңгейi 2016 жылға қарай 20 минутқа дейiн қысқартылады;
8) отандық компьютерлiк жабдықтардың, жинақтаушы, оқшау (перифериялық) құрылғылардың және бағдарламалық өнiмдердiң өндiрiсi қамтамасыз етiледi;
9) өнеркәсiп орындарының инновациялық белсендiлiк деңгейi жоғарылайды;
10) ақпараттық саланы, оның iшiнде халықаралық ынтымақтастық шеңберiнде реттейтiн нормативтiк-құқықтық база жетiлдiрiледi;
11) ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласында кадрмен қамтамасыз ету жүйесi жетiлдiрiледi.
Осы Тұжырымдаманы iске асыру:
1) азаматтардың толық, сенiмдi және уақтылы ақпаратты алуға, сақтауға және таратуға конституциялық құқықтарын iске асыруға;
2) Қазақстан Республикасының әлемдiк ақпараттық қарым-қатынастарға тең құқылы қатысуына;
3) мемлекеттiк саясатты тиiмдi ақпараттық қамтамасыз етуге;
4) өте маңызды ақпараттық жүйелердiң сенiмдiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз етуге;
5) бiрыңғай ұлттық ақпараттық кеңiстiктiң үздiксiз жұмыс iстеуi мен сенiмдi қорғалуына ықпал етедi.
2. Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi дамытудың негiзгi қағидаттары мен жалпы бағыттары
Тұжырымдаманың мiндеттерiн iске асыру үш бағытты дамытуды талап етедi:
1) заңнамалық және нормативтiк-әдiстемелiк;
2) ұйымдастырушылық-өкiмдiк және ұйымдастырушылық-техникалық
3) кадрлық.
Заңнамалық және нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттық салада ұлттық мүдделердi қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгердi үйлестiру, оның iшiнде ұлттық деңгейде ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiне қарсы iс-қимыл жасау үшiн мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сектордың өзара iс-қимыл моделiн айқындау, ақпараттық терроризмге және ақпараттық қылмысқа қарсы iс-қимылды, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласында бiртұтас мемлекеттiк техникалық саясатты әзiрлеудi, БАҚ-ты дамыту жөнiнде заңнамалық және институционалдық шараларды қабылдауды қоса алғанда, мемлекет пен қоғамның әрiптестiгiн дамыту мәселелерiн шешу талап етiледi. Атап айтқанда, елдiң ақпараттық қауiпсiздiк саясатын тұжырымдау жөнiндегi жауапты органдар айқындалады, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы iске қосылған мемлекеттiк органдардың жауапкершiлiк салаларының аражiгi ажыратылады, сондай-ақ оларды ведомствоаралық тиiмдi үйлестiру тетiктерi жасалатын болады. Бұдан басқа, ақпараттандырудың аса маңызды объектiлерi, оның iшiнде Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiне әсер ететiн ақпараттық жүйелер мен ресурстар тiзбесi айқындалады.
Бұл ретте ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы бiртұтас мемлекеттiк техникалық саясат (бұдан әрi - АҚМТС) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерге, ресурстарға және оларды қолдайтын инфрақұрылымға қойылатын ақпараттық қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз ету саласындағы бiрыңғай стандарттарды әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етуге бағыттайды. Атап айтқанда, ақпараттық-техникалық даму және ақпаратты қорғау, оның iшiнде мемлекеттiк құпияларды қорғау саласында қолданыстағы нормативтiк құқықтық және техникалық актiлердi өзектiлендiру талап етiледi. Ақпараттық жүйелер және ресурстар ақпараттық қауiпсiздiк деңгейлерi бойынша жiктелетiн болады, техникалық және бағдарламалық құралдарды сертификаттау, ақпараттық жүйелердi ақпараттық қауiпсiздiк талаптарының сәйкестiгiне аттестаттау рәсiмдерi жетiлдiрiледi, осы саладағы халықаралық ынтымақтастық дамиды, ақпараттық қауiпсiздiктiң жай-күйiне және мемлекеттiк құпияларды қорғауға жауапкершiлiктi арттыру жөнiндегi мемлекеттiк шаралар тұжырымдамалатын болады.
Бұдан басқа, бүгiнгi күннiң болмысы заңнаманың қолданыстағы нормаларын заңнаманың жеке саласына - ақпараттық құқыққа бөлу, сындарлы ақпараттық инфрақұрылымды қорғау мәселелерi бойынша заңнаманы әзiрлеу, ақпараттық құқық бұзушылықты қылмыстық жазаланатын әрекеттерге жатқызу мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерiстер енгiзу талап етiледi, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желiлерде авторлық құқықты сақтау мәселелерiн қосымша құқықтық регламенттеу, дербес деректердi қорғау мәселелерiн реттейтiн заңнаманы жетiлдiру, Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесiнiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы халықаралық құқықтық нормаларды жетiлдiру талап етiледi.
Баяндалғанмен қатар, телерадио хабар тарату саласындағы қызметтi реттеуге, телерадио хабар таратудың эфирлiк цифрлық, кәбiлдi, спутниктiк және басқа да түрлерi саласындағы жұмыстардың заманауи бiрыңғай стандарттары мен параметрлерiн орнатуға, отандық телевизия және радиоарналардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн, бiрыңғай нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру қажет.
Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiнiң трансшекаралық сипатын ескере отырып, осы салада тең құқықтық халықаралық ақпарат алмасу қағидаттарына сай келетiн халықаралық ынтымақтастықты жетiлдiру талап етiледi.
Жаһандық ақпараттық инфрақұрылымды пайдалану, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды террористiк және басқа да қылмыстар мақсатында пайдаланудың алдын алу, анықтау, жолын кесу және салдарын жою саласындағы Қазақстан Республикасының және шет елдердiң құқық қорғау органдарының арасындағы өзара iс-қимылды жетiлдiру саласында мемлекетаралық қатынастарды реттейтiн халықаралық құқықтық нормаларды әзiрлеу осы саладағы стандарттар мен сертификаттаудың ұлттық жүйесiн халықаралық жүйемен үндестiру талап етiледi.
Ұйымдастырушылық-өкiмдiк және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттандырудың аса маңызды объектiлерiнiң ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, ақпараттық қауiпсiздiк саласында, оның iшiнде ақпаратты қорғаудың жүйесi саласында бiртұтас мемлекеттiк техникалық саясатты қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру талап етiледi. Осы мәселенi шешу үшiн ақпараттық кеңiстiк мониторингiнiң бiртұтас мемлекеттiк жүйесiн құру, Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жедел орталығының ақпараттық жүйесiн және инфрақұрылымын құру талап етiледi. Бұдан басқа, ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы инновациялық даму, атап айтқанда инновациялық қызметтi, ҒЗТКжТЖ (ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстар) отандық базасының негiздерi мен ақпаратты өңдеу және қорғаудың бағдарламалық және техникалық құралдары өндiрiсiн дамыту үшiн қолайлы жағдай жасалатын болады. Сонымен қатар мемлекеттiк органдардың бiрыңғай ақпараттық-коммуникациялық желiсiн жетiлдiру, ақпараттық технологиялар саласындағы аса маңызды инфрақұрылымды қорғау жөнiндегi күш-жiгердi үйлестiру үшiн ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң жедел орталығын құру, Интернет желiсiне мемлекеттiк органдардың қол жеткiзуiнiң бiрыңғай шлюзiн дамыту, мемлекеттiк органдар үшiн Бiрыңғай электрондық пошта жүйесiн дамыту, мемлекеттiк органдардың резервтiк деректер қорын сақтаудың кемiнде екi аумақтық ажыратылған орталығын құру, Қазақстан Республикасының киберкеңiстiгiнде ұлттық сәйкестендiру жүйесiн дамыту, киберқауiпсiздiк тораптарын құру, «электрондық үкiметтiң» ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйелерiнiң рұқсат етiлмеген қол жеткiзудi, ақпаратты жоғалтуды, бұрмалауды болдырмауға бағытталған сапасы мен сенiмдiлiгiн арттыру талап етiледi.
Бұдан басқа, мемлекеттiк органдар ақпараттық қауiпсiздiк талаптары бойынша мемлекеттiк ақпараттық жүйелерге аттестаттау жүргiзудi қамтамасыз ететiн болады, бұл ақпараттық жүйелердiң iркiлiс уақытының азаюына мүмкiндiк бередi.
Телерадиобағдарламалардың отандық өндiрiсiнiң үлесiн көбейту мақсатында мемлекеттiк органдарды тақырыптық бағыттарды дайындауға белсендi қатыстырумен, мемлекеттiк ақпараттық тапсырысты iске асыру практикасы жалғасатын болады.
Азаматтардың отандық контентке қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұлттық спутниктiк желiнi әрi қарай дамыту бойынша, оның iшiнде телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және спутник арқылы таралатын, телерадиоарналар тiзбесiн қалыптастыру мәселелерi бойынша шаралар қабылданатын болады.
Телерадиоарналарды iрiктеу кезiнде қамту көрсеткiштерi (өз аудиториясының болуы, әртүрлi мақсатты топтарды қамту), контент сапасы (әлеуметтiк маңызы, тақырыптық саралану, рейтингтер, өзiндiк ақпараттық өнiмдерiнiң болуы), нарықта жұмыс iстеу тәжiрибесi, штаттың бiлiктiлiгi, тиiстi құрал-жабдық пен үй-жайдың және басқалардың болуы критерий болуы тиiс.
Осы конкурс отандық телерадиоарналарды сапалы және бәсекеге қабiлеттi контент жүргiзу мен таратуға ынталандыратын болады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында цифрлық эфирде хабар таратуды ендiру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу талап етiледi.
Басқа мемлекеттер, трансұлттық корпорациялар, түрлi бейформал құрылымдар тарапынан, оның iшiнде әлеуметтiк желiлер арқылы қоғамдық санаға жасырын әсер етудi анықтау және болдырмау жөнiндегi мақсатты саясат жүргiзу, бұқаралық ақпарат тарату жүйесi арқылы терроризм, дiни және этностық экстремизм, сепаратизм идеологиясының және басқа да қоғамға қарсы көрiнiстердiң таратылуына қарсы күрестi жандандыру талап етiледi.
Интернеттiң жаһандық ақпараттық желiсiнiң қазақстандық сегментiн дамыту мен реттеудiң оңтайлы моделi енгiзiледi, жағымды мазмұндағы контент өндiрiсiн, отандық интернет-БАҚ-ты дамытуды, телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңғыртуды ынталандыру тетiктерi әзiрленетiн болады.
Осы iс-шаралардың iске асырылуы елдiң имиджiн iлгерiлету мақсатында қазақстандық БАҚ-тың Орталық Азия мен халықаралық ақпараттық кеңiстiкте қатысуын күшейтуге бағытталған.
Бұдан басқа, ғылымды, технологияларды және техниканы дамытудың басым бағыттары бойынша зерттеу жобаларын жүргiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастық дамитын болады.
Кадрмен қамтамасыз ету бағыты бойынша ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру, құқық қорғау органдарының, оның iшiнде ақпараттық терроризмге және ақпараттық қылмысқа қарсы iс-қимыл мәселелерiмен айналысатын бөлiмшелерiн кадрмен қамтамасыз ету мәселелерiн шешу талап етiледi. Ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi бойынша оқу және бiлiм беру бағдарламаларының тиiмдiлiгiн арттыру мәселесi өте маңызды.
Осы Тұжырымдаманы iске асыру мәселелерiн ұйымдық қамтамасыз ету уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жүктеледi.
Мемлекеттiк органдар, ұйымдар осы Тұжырымдамадан туындайтын, тиiстi iс-шараларды стратегиялық жоспарларға, бағдарламалық құжаттарға енгiзу жөнiнде шаралар қабылдайды. Ақпараттық қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк органдардың, халықаралық және басқа да ұйымдардың өзара iс-қимыл жасауын қамтамасыз ету мақсатында, қазiр жұмыс iстеп тұрған Ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестiру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия тиiсiнше қайта атала отырып, оның мақсаттары мен мiндеттерi аясы кеңейтiлетiн болады.
Тұжырымдаманы iске асыруды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық және жергiлiктi бюджеттерде көзделетiн қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылатын болады.
3. Тұжырымдаманы iске асыруды көздейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң тiзбесi
Тұжырымдаманы iске асыруды жоспарлайтын негiзгi нормативтiк құқықтық актiлер мыналар болып табылады:
1) «Мемлекеттiк құпиялар туралы», «Электрондық үкiмет және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Техникалық реттеу туралы», «Лицензиялау туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының заңдары және тағы басқалары;
2) Мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы салалық бағдарлама;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 45 қбп қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жүйесiн дамыту жөнiндегi 2011 - 2014 жылдарға арналған салалық бағдарлама;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 29 қыркүйектегi № 983 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында ақпараттың және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама;
5) мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарлары.