«Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 94 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабы 2 тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңы 9-1 бабына және «Мемлекеттік қызмет көрсетудің Үлгі стандартын бекіту туралы» Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген «Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары М.К.Мырзалинға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның бірінші ресми жариялануынан кейін он күнтізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз