2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауындағы және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауындағы шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушылары, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қызметінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында және Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында:
1) шет мемлекеттің, халықаралық ұйымның байқаушысына, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде қызмет көрсете алады деп белгіленсін;
2) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асыруға құқылы.
2. Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушысының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді жүргізу 2012 жылғы 9 қаңтарда аяқталады.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов
Астана, 2011 жылғы 21 қараша
№ 62/111