«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

Қазақстан Республикасы Мәдениет
және ақпарат министрінің
2008 жылғы 1 ақпандағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

«Бұқаралық ақпарат құралдарын есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

1. Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін статистикалық есепке қою мен талдаудың анықтығы мен уақытында жүзеге асырылуы үшін уәкілетті орган бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою жөнінде мемлекеттік қызмет көрсетеді (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін түрі: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 2) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою туралы куәлікті беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - өтініш берушілер) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет өтініштің Комитеттің кеңсесіне тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекті күту уақытының барынша шегі - 30 минут.
8. «Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшін алымның мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы № 968 қаулысына сәйкес алынатын алымның ставкасы:
1) балалар және ғылыми тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан - алымды төлеген күнге қолданылатын екі айлық есептік көрсеткішті;
2) өзге де тақырыптағы бұқаралық ақпарат құралын құратын жеке немесе заңды тұлғалардан алымды төлеген күнге қолданылатын бес айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғандығын куәландыратын құжаттың телнұсқасын беру үшін төленетін алымның мөлшері осы стандарттың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген алымдардың сексен пайызын құрайды.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікті қайта ресімдеу тегін жүзеге асырылады.
Алым Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы төленеді және оған төлемнің мөлшері мен уақытын растайтын түбіртек беріледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат электрондық Үкіметтің порталында http://e.gov.kz/, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің: http:// www.sana.gov.kz/ веб-сайтында, "Министрліктер үйі" ғимаратында орналасқан ақпараттың ресми көздерінде, үлгілік нұсқаларымен ақпараттық тақтада орналасады.
10. Мемлекеттік қызмет күн сайын сенбі мен жексенбіден басқа күндері көрсетіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ке дейін. Алдын ала жазылу және қызметтерді жедел ресімдеу жүргізілмейді.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету «Министрліктер үйі» ғимаратында жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші:
1) белгіленген үлгідегі өтініш (осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес);
2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;
4) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралын қайта есепке алу үшін (меншік иесі ауысқан не ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, бұқаралық ақпарат құралының аты, басылымның тілі, таралу аумағы, негізгі тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекен-жайы және шығару мерзімділігі өзгеруіне байланысты) өтініш беруші:
1) белгіленген үлгідегі өтініш (осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес);
2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері, құрылтайшылық құжаттары;
4) бұрын берілген бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәліктің түп нұсқасы;
5) меншік иесі өзгерген жағдайда осы өзгерістерді растайтын құжаттар талап етіледі;
6) бұқаралық ақпарат құралын иеленуші құқығын басқа тұлғаға беруді растайтын келісім-шартты қоса береді.
Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлікті жоғалтып алуға байланысты телнұсқаны алу үшін өтініш беруші:
1) жоғалудың себептерін көрсете отырып еркін нысанда жазылған өтініш;
2) жеке тұлғалар үшін - кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығын растайтын құжаттың нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;
3) заңды тұлғалар үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, құрылтай құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері;
4) бұқаралық ақпарат құралын есепке қою үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжат қоса беріледі.
13. Өтініш бланкісі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің веб-сайтына орналастырылады.
14. Мемлекеттік қызмет мына мекен-жай бойынша көрсетіледі: Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі», А блогі, 15-кіреберіс, 215-бөлме.
15. Өтініш берушілердің мемлекеттік қызмет көрсету үшін ұсынылған құжаттары «Есепке алу журналына» тіркеледі.
16. Бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы куәлік өтініш берушінің өзіне беріледі немесе пошта арқылы жіберіледі.
17. Өтініш беруші осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін ұсынбаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болады.

3. Жұмыстың принциптері

18. Комитеттің жұмысы келесі принциптермен негізделеді:
1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
2) қызметтік парызды орындау барысында заңдылықты сақтау;
3) сыпайылық;
4) толымды және толық ақпарат беру;
5) ақпараттың құпиялылығын сақтау және қорғау.

4. Жұмыстың нәтижелері

19. Комитет жұмысының нәтижелері осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділігі көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің және өзге де субъектілердің мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділігінің мақсатты көрсеткіштері арнайы құрылған жұмыс тобымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

21. Қажет болған жағдайда уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) өтініш беруші Комитет басшысына шағымдана алады.
Егер өтініш беруші қабылданған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары сатыда қарауды талап етсе, өтініш беруші шағымды жазбаша не электронды түрде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдай алады.
22. Шағым пошта арқылы немесе Комитет кеңсесі арқылы жеке қолмен 224 бөлмеде жұмыс күндері қабылданады.
23. Комитетке келіп түскен шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
Заңнамада белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс.

6. Байланысқа қажетті ақпарат

24. Комитеттің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, «Министрліктер үйі» ғимараты, А-блогі, 15-кіреберіс.
Комитет төрағасының қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 74-04-21.
25. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің веб-сайтынан: http://www.sana.gov.kz/алуға болады.

Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Бұқаралық ақпарат құралдарын
есепке алу

Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз