Интернет желісінің қазақстандық сегментін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы

«Интернет желісінің қазақстандық сегментін реттейтін нормативтік құқықтық
кесімдерді әзірлеу жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2006 жылғы 23 наурыздағы № 68-ө Өкімі

Интернет желісінің қазақстандық сегментін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді әзірлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Бабақұмаров
Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, жетекшi

Нұрғазин
Нұрлан Мұхаметқалиұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы, жетекшінің орынбасары

Жолдыбай
Кенжеболат Махмұтұлы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті бұқаралық ақпарат құралдары басқармасының бастығы, хатшы

Болатбаев
Тәуке Тұрғынұлы - Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің сарапшысы

Қапақов
Нұрлан Төлегенұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің сектор меңгерушісi

Нұрпейісов
Сапарбек Айтуұлы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдардың
қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаменті бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Нұрбаев
Болат Кәрімұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Техникалық қызмет департаменті бастығының орынбасары

Сәрсембаев
Өмірзақ Нұрғалиұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімінің бас сарапшысы

Шөжеева
Әзиза Тимурқызы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттандыру
және заң қызметі департаментi директорының орынбасары

Оразбаев
Азамат Бейсейітұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Заң департаментінің ерекше тапсырмалар бойынша аға инспекторы

2. Жұмыс тобы бір ай мерзімде Интернет желісінің қазақстандық сегментін реттеу жөнінде тұжырымдамалық ұсыныстар дайындасын және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Yкіметіне енгізсін.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Д. Ахметов