Право и СМИ Центральной Азии

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 Қаулысы «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» (новая редакция)

 

«Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1263 Қаулысы.

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    С. Ахметов

 

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1263 қаулысымен
бекітілген

 

   «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, лицензияны қайта ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты

 

   1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті мекенжайы www.mki.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi (бұдан әрi – уәкілетті орган), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы (бұдан әрі – портал) көрсетедi.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметінің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Лицензиялау туралы» 2007 жылдың 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының негізінде, сондай-ақ «Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 982 қаулысына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінің «Телерадио хабарларын тарату саласындағы лицензиялау» кіші бөлімінде);
2) порталда орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат cаll-орталықтың телефоны арқылы да ұсынылады: (1414).
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті органның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық лицензия нысанында теле-, радиорналарды тарату жөніндегі қызметке лицензия, қайта ресімделген лицензия (бұдан әрі – лицензия) беру не электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Егер уәкілетті орган белгiленген мерзiмде мемлекеттік қызметті алушыға лицензияны бермеген не лицензияны беруден дәлелдi түрде бас тарту себебі туралы мемлекеттік қызмет алушыны хабардар етпеген жағдайда, онда лицензияны беру үшін осы стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзiмдер өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кейін уәкілетті орган лицензияны беруге мiндеттi.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген жағдайда, дара кәсіпкер қайта тіркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген жағдайда, заңды тұлға біріктіру, қосу, бөлу немесе қайта ұйымдастыру нысанында қайта құрылған, қызмет түрінің атауы өзгерген кезде қайта ресімделген лицензия беріледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) уәкілетті органда:
лицензияны беру – осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілі тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу – осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызметті алушы немесе оның өкілі тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде;
өтініш берген күні мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат берiлген уақыты – 20 минут;
мемлекеттік қызметті алу кезiнде күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты – 20 минут.
2) порталда:
лицензияны беру – осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет алушы тапсырған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде;
лицензияны қайта ресімдеу – осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды мемлекеттік қызмет алушы тапсырған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде.
8. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексінің 471-бабына сәйкес:
1) теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметпен айналысу үшін алынатын лицензиялық алымның ставкасы 6 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
2) лицензия қайта ресімделгені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10% құрайды, алайда ол 4 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Лицензиялық алым төлемнің көлемін және төленген күнін растайтын құжатты (түбіртек) беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті алуға электронды сауал портал арқылы тапсырылған жағдайда ақы төлеу «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі — ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін жұмыс кестесі:
1) уәкілетті орган құжаттарды қабылдау мен беруді www.mki.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс кестесіне сәйкес жүзеге асырады;
Қабылдау алдын ала жазусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
2) порталда — тәулік бойы.
10. Мемлекеттік қызмет уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттардың тізбесімен және оларды толтыру үлгілерімен жабдықталған.
Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін ғимарат бойынша ыңғайлы жүріп-тұру жағдайлары көзделген. Күту және қажетті құжаттарды толтыру бойынша қолайлы жағдайлар бар.
Порталда — «жеке кабинетте».

 

   2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынады:
1) уәкілетті органға:
осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дара кәсiпкер үшiн – алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған);
заңды тұлға үшiн – жарғысының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* көшірмесі немесе анықтама;
алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiктiң көшiрмесi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесі;
осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар;
нотариалды куәландырылған сенімхат (құжаттарды өкілі тапсырған жағдайда).
Осы тармақтың 1) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарында көзделген, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Уәкілетті органның қызметкері құжаттарды қабылдау кезінде түпнұсқалардың шынайылығын құжаттардың көшірмелерімен және мемлекеттік ақпараттық жүйелерден берілген мәліметтермен салыстырып тексереді, одан кейін түпнұсқаларды алушыға қайтарады.
2) порталға:
алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
заңды тұлғаның жарғысы;
алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама;
жеке тұлға үшiн – алушының жеке басын куәландыратын құжат;
алушыны дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк;
алушыны салық органында есепке қою туралы куәлiк;
бюджетке лицензиялық алымды төлегенін растайтын құжат не ЭҮТШ арқылы жүргізілген бюджетке лицензиялық алымды төлеу туралы мәліметтер электрондық сұрау салуға тіркеледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарында көзделген, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын құжаттар мәліметтерін уәкілетті орган уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметті алушы (сенімхат бойынша өкілі) қайта ресімделген лицензияны алу үшін күнтiзбелiк отыз күн iшiнде «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін бюджетке лицензиялық алымды төлегенiн растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, уәкілетті органға немесе орталыққа өтініш береді не порталда электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды ұсынады.
Қайта ресімделген лицензияны алған кезде мемлекеттік қызметті алушы бұдан бұрын берілген лицензияны (бар болған жағдайда) уәкілетті органға қайтарады.
Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініш нысаны:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурстарда орналастырылады;
2) портал арқылы мемлекетті қызметті алу үшін электронды сауал нысанын толтыру қажет.
13. Уәкілетті органда құжаттар қабылдау www.mki.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжай бойынша жауапты тұлға жүзеге асырады.
Порталға жүгінгенде электрондық сауал жолдау алушының «жеке кабинеті» арқылы жүзеге асырылады. Сауал тандалған қызметке сәйкес автоматты түрде уәкілетті органға – мекенжайға автоматты түрде жолданады.
14. Алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған уәкілетті органның кеңсе қызметкерінің аты-жөні көрсетілген талон осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген құжаттарды қабылдауды растау болып табылады.
Порталға жүгінгенде порталдағы «жеке кабинетте» мемлекеттік қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін алудың күні мен уақытын көрсете отырып сауалды қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
15. Алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
уәкілетті органда – www.mki.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайға (алушының жеке келуі немесе сенімхат бойынша өкілі) қолға тапсырылады;
порталда – «жеке кабинетте» жеткізіледі.
16. Лицензияны беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады, егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған болса;
2) теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген болса;
3) мемлекеттік қызмет алушы біліктілік талаптарына сай келмеген болса;
4) мемлекеттік қызмет алушыға қатысты оған теле-, радиоарналарды тарату бойынша қызметпен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда;
5) сот сот орындаушысының ұсынымы негізінде мемлекеттік қызмет алушыға лицензия алуға тыйым салынған болса.
Комитет мемлекеттік қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі айқындалған жағдайда Комитет белгіленген мерзімде өтінішті қараудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап береді.
Мемлекеттік қызмет алушыға дәлелді бас тарту оның порталдағы «жеке кабинетіне» құжаттар алынған сәттен бастап екі күн ішінде жолданады.
Егер Комитет осы стандартта белгіленген мерзімде мемлекеттік қызмет алушыға лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны бермесе немесе лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаса, оларды беру мерзімі аяқталған күннен бастап, лицензия, қайта рәсімделген лицензия берілді деп саналады.
Лицензиар лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны беру мерзімінің аяқталған сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік қызмет алушыға тиісті лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны беруге міндетті.
Лицензиарға бес жұмыс күні өткеннен кейін лицензияны, қайта рәсімделген лицензияны бермесе, алушыға тиісті лицензия, қайта рәсімделген лицензия берілді деп саналады, ал Комитеттің өтінішті қабылданғаны туралы хабарламасы лицензияның өзін алғанға дейін лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асырудың заңдылығын растайтын құжат болып табылады.

 

   3. Жұмыс қағидаттары

 

17. Комитеттің қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толыққанды ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

   4. Жұмыс нәтижелері

 

18. Мемлекеттік қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Комитеттің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен бекітіледі.

 

   5. Шағымдану тәртібі

 

20. Уәкілетті органның кеңсесі уәкілетті лауазымды тұғалардың іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін мына: 010000, Астана қаласы, Орынбор к., № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 224 және (немесе) № 263 бөлме мекенжайы бойынша, сондай-ақ 8 (7172) 74-04-71, 74-04-54 телефондары арқылы түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдем көрсетеді.
Сонымен қатар, уәкілетті орган қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты call-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитет немесе Министрлік басшылығының атына осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін беріледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
22. Дөрекі қызмет көрсетуге жасалған шағым жұмыс күндері жазбаша түрде пошта арқылы не қолма-қол Комитеттің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін жіберіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызмет алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Комитет қызметкерлерінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) жасалған шағым лицензия беру туралы өтініштің көшірмесін қоса бере отырып, еркін нысанда жасалады. Мемлекеттік қызмет алушы өз шағымында мiндеттi түрде мыналарды көрсетедi:
1) тегi, аты, әкесiнiң аты;
2) жауап жiберiлетiн пошталық мекенжайы;
3) шағымның мәнiн баяндау;
4) жеке қолы және күнi.
25. Шағымды Комитеттің және (немесе) Министрліктің кеңсесі осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген мекенжайда тіркейді.
Шағым берген тұлғаға өтініштің қабылданған күнi мен уақытын, оны қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетіле отырып, талон берiледi.
Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты шағымды қабылдаған тұлғадан не осы стандарттың 20-тармағында көрсетілген телефондар арқылы алуға болады.
Шағымды қарау нәтижесі мемлекеттік қызмет алушының (не сенімхат бойынша өкілінің) өтініші бойынша пошта арқылы не қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде электрондық шағым жолданғаннан кейін мемлекеттік қызмет алушының «жеке кабинетінде» шағым туралы ақпаратқа қол жеткізуге болады, ол Комитетте өтініштерді өңдеу барысында (қабылдау, тіркеу, орындау белгілері, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Комитет қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) жасалған шағым «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабында көзделген мерзімде қаралады.
26. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты Министрліктің www.mki.gov.kz интернет-ресурсынан алуға болады.

 

«Теле-, радиоарналарды тарату бойынша
қызметпен айналысу үшін лицензия беру,
лицензияны қайта ресімдеу»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

 

_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
кімнен ______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
тұлғаның тегi,аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)

 

 ӨТІНІШ

 

Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда — ҚР Үкіметінің 23.04.2013 № 387 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

_____________________________________________________________________
(қызметтің түрін көрсету)
жүзеге асыруға лицензияны қосымшаны қағаз тасығышта ____ (лицензияны
қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек)
беруді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ____________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
Электрондық поштасы _________________________________________________
Телефондары _________________________________________________________
Факс ________________________________________________________________
Банк шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті жүзеге асыру мекенжайы (лары) ______________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы,
үй/ғимарат (стационарлық үй-жай) нөмірі
__________________________________________ парақта қоса беріліп отыр.

 

Осымен,
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып
табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген
ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе)
кіші түрімен айналысуға сотпен тыйым салынбағандығы;
қоса беріліп отырған құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес
келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады.

 

Басшы/Жеке тұлға ______________________________________________

 

___________________ ___________________________________________
(қолы)       (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)

 

М.О. (болған жағдайда) Толтырылған күні: 20__ жылғы «___» _____

 

  «Теле-, радиоарналарды тарату
бойынша қызметпен айналысу үшін
лицензия беру, лицензияны қайта
ресімдеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
2-қосымша

 

   Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiшiнiң мәнi

 

 

Сапа және тиiмдiлiк   көрсеткiштерi

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы   нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы   ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде   қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесi)

2. Сапасы

2.1. Қызметті көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған   тұтынушылардың %-ы (үлесі)

3. Қолжетімділік

3.1. Қызмет көрсету сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы   ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын   қызметтер %-ы (үлесі)

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған   тұтынушылардың % -ы (үлесі)

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы   (үлесі)

 

  «Теле-, радиоарналарды тарату
бойынша қызметпен айналысу үшін
лицензия беру, лицензияны қайта
ресімдеу» мемлекеттік
қызмет стандартына
3-қосымша

 

   Теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары

 

1. Теле-, радиоарналарды тарату жөнiндегi қызметке лицензия алуға үмiткер жеке және заңды тұлғаларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардан тұрады:
1) дипломдардың тиiстi көшiрмелерiмен, еңбек кiтапшасындағы жазбалардың расталған, телекоммуникация саласында бейiндiк жоғары, техникалық немесе кәсiптiк бiлiмi және мамандығы бойынша кемiнде бiр жыл практикалық тәжiрибесi бар, жалпы саны кемiнде үштен бiр бөлiктi құрайтын инженер-техник мамандардың болуы;
2) телерадио хабарларын тарату саласындағы қолданыстағы стандарттарға сәйкес теле-, радиоарналар хабарларын берудің техникалық сапасын қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелер;
3) төтенше жағдайлар кезiнде халықты хабарландыруды ұйымдастыру схемасы және оларды сақтау бойынша мiндеттемелер;
4) телерадио хабарларын тарату желiсiн ұйымдастыру схемасы;
5) теле-, радиоарналарды теле-, радиокомпаниялардың құқық иеленушiлерімен ретрансляциялауға (көпбағдарламалы хабар тарату үшiн) арналған алдын ала шарттардың көшiрмелерi;
6) объектіге өтiнiш берушiнiң мүлiктiк құқығын белгілейтін немесе оны жалға алу құжаттарымен расталған үй-жайлар мен алаңдар (техникалық құралдарды орналастыру мен пайдалануға, әкiмшiлiк-басқару персоналына, халыққа қызмет көрсетуге арналған үй-жайлар);
7) бақылау-өлшеу және сынақ жұмыстарын жүргізуге арналған метрологиялық жабдықтар (өтiнiш берушiге тиесiлi меншiк құқығымен немесе тиiстi шарт болған жағдайда жалға алу);
8) мынадай:
кәсiпкерлiк субъектiлерiне тиесiлiлiгi (шағын, орта, iрi);
құрылатын желiнiң атауы (эфирлi, кәбiлдi, спутниктi);
хабар тарату аумағы;
желi түрi, қолданылатын стандарттар;
даму кезеңдерi бойынша таратылатын теле-, радиоарналардың тiзбесi және қысқаша сипаттамалары;
пайдаланылатын жағдайда шартты қол жетiмдi жүйелер туралы мәлiмет;
желiнi басқару және пайдалану жүйесiн ұйымдастыру қағидаты;
желi сыйымдылығы және/немесе жазылушылардың саны, оның iшiнде даму кезеңi бойынша;
Қазақстан Республикасының аумағындағы телерадио хабарларын тарату және байланыс желiлерiнiң өзара iс-қимылы;
станцияаралық қосылуды ұйымдастыру тәсiлдерi (өтiнiш берушiнiң өзге желiлердiң жалға алынған арналарын бойынша нақты техникалық құралдарын көрсету арқылы телерадио хабарларын тарату желiлерiнiң жеке құралдары бойынша);
өтiнiш берушiнiң желiсiн өзге телерадио хабарларын тарату операторларының желiсiне қосуды ұйымдастыру тәсiлдерi;
жиiлiктi иеленуге қажеттi жабдықтардың тiзбесi;
бас станцияларға телерадиохабар тарату желiсінде таратылатын теле-, радио арналарын жеткiзу тәсiлдерi мен көздерi;
санитарлық паспорт (жиiлiктi иелену арқылы жабдықты қолдану кезiнде) туралы ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба.
9) спутниктiк байланыс арналарын пайдаланған жағдайда мынадай ақпарат ұсынылады:
пайдаланылатын жасанды жер серiктерiнiң атауы, орналасуы және тиесiлiлiгi, олардың тұру нүктесi, қызмет көрсету аумағы;
спутниктiк оператор ұсынған қабылдау-тарату спутниктiк станцияларының желiсiнде пайдаланылатын трансмиссиялық жоспарлардың көшiрмесi;
алатын жиілік жолағы (қолданылатын спутниктiк ресурс көлемi);
арнаның орташа ақпараттық жылдамдығы;
спутниктiк жүйенiң энергетикалық сипаттамасы.

 

Источник: Информационно-правовая система «Әділет»  http://adilet.zan.kz/