Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 453 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 18-1-жолмен толықтырылсын:
«
| 18-1. | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҰБ (келісім бойынша) | Мамыр | Маусым | Тамыз | Д.Т. Ақышев | 
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов 

 Доступ к информации: как применяются нормы закона?
 Доступ к информации: как применяются нормы закона? Интерньюс объявляет тендер по оценке потребностей для наблюдательного совета ОТРК
 Интерньюс объявляет тендер по оценке потребностей для наблюдательного совета ОТРК Комментарий ИМП касательно поправок в статью 329 УК КР
 Комментарий ИМП касательно поправок в статью 329 УК КР Молодые фотожурналисты Таджикистана получили призы
 Молодые фотожурналисты Таджикистана получили призы
