Право и СМИ Центральной Азии

«Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобаcы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1113 Қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
«Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                      К. Мәсiмов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
«Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы»

      Осы Заң мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсыну саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi әрi жеке және заңды тұлғалардың тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiне құқықтарын iске асырудың тетiктерiн белгiлейдi.

1. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) құқықтық ақпараттандыру – қолданыстағы заңнама мәселелерi бойынша ақпарат ұсыну түрiнде ауызша, жазбаша және көрнекi нысандарда белгiсiз адамдар тобына көрсетiлетiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi;
2) құқықтық консультация беру – оны алуға құқығы бар адамдарға ауызша және жазбаша консультация беру нысандарында, соның iшiнде өтiнiштер, шағымдар, қолдаухаттар мен нақты құқықтық мәселе бойынша құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасауға қатысты көрсетiлетiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi;
3) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi – осы Заңда көзделген негiзде және тәртiппен тегiн негiзде оны алуға құқығы бар жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын заң көмегi;
4) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн субъектiлер – мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсынатын жеке және/немесе заңды тұлғалар;
5) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсыну саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi мемлекеттiк орган)  халыққа заң қызметтерiн көрсету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң жүйесi –мемлекет кепiлдiк берген құқықтың заң көмегiне заңнамада белгiленген құқықтық негiздерi және iске асыру тетiктерi.
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заң
көмегi туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда осы Заңда қамтылғаннан басқа өзге де ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар және заңды тұлғаларға қолданылады.
4-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетудiң негiзгi
қағидаттары
Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету:
1) заңдылық
2) тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiне мұқтаж жеке тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерiнiң басымдылығы;
3) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң қол жетiмдiлiгi және сапалылығы;
4) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетiлетiн мәселенiң құпиялылығын қамтамасыз ету;
5) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету үдерiсiне тиiмдi мемлекеттiк бақылау жасау қағидаттарына негiзделедi.
5-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы
мемлекеттiк саясат
1. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы мемлекеттiк саясат ұйымдастырушылық-құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ақпараттық, лицензиялық-бақылау және жеке және заңды тұлғалардың бiлiктi мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқықтарының кепiлдiктерiн iске асыру мақсатында жүзеге асырылатын өзге де шаралардың жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
2. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
3. Республикада негiзi, тәртiбi және қызметiнiң шарты Заңмен белгiленетiн мемлекеттiк адвокатура енгiзiлуi мүмкiн.

2. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң түрлерi

      6-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң түрлерi
Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi:
1) құқықтық ақпараттандыру;
2) құқықтық консультация беру;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен жеке тұлғалардың мүдделерiн соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттiк органдарда және мемлекеттiк емес ұйымдарда қорғау және бiлдiру түрiнде көрсетiледi.

3. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн субъектiлер

      7-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн
субъектiлер
Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн:
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк органдар;
2) осы Заңда, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген жағдайларда және тәртiппен адвокаттар;
3) «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда және тәртiппен нотариустар;
4) «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген жағдайларда және тәртiппен жеке сот орындаушылар;
5) жоғары оқу органдары және үкiметтiк емес ұйымдар көрсетедi.

4. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығы бар адамдар

      8-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығы бар
адамдар
1. Барлық жеке және заңды тұлғалардың құқықтық ақпараттандыру түрiнде тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығы бар.
2. Осы Заңның 6-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi Қазақстан Республикасының iс-жүргiзу заңнамасында және «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртiппен тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығы бар адамдарға ұсынылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген адамдар тұратын жерiне қарамастан Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқылы.
4. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiне мұқтаж адамдардың мүддесi үшiн Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген сенiмхаттың негiзiнде оның өкiлi жүгiне алады.
9-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiне мұқтаж адамдардың
құқықтары мен мiндеттерi
1. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiне мұқтаж адамның:
1) өзiнiң құқықтары, мiндеттерi және мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсыну шарттары туралы ақпарат алуға;
2) бiлiктi мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету үшiн оны ұсынатын субъектiлерге жүгiнуге;
3) кепiлдiк берiлген көлемде мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға немесе оны алудан бас тартуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсынатын субъектiлердiң әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдануға;
5) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi көрсетiлген мәселенiң құпиялылығына құқығы бар.
2. Оған мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету туралы өтiнiшпен жүгiнген адам:
1) оның мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығын растайтын құжаттарды ұсынуға;
2) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсынудың шарттарына ықпал ететiн мән-жайлардың өзгергенi туралы уақытында хабарлауға;
3) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету қажеттiлiгiне негiзделген ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

5. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн ұсыну саласындағы мемлекеттiк реттеу

      10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекет кепiлдiк
берген заң көмегiн көрсету саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
2) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi жүйесiнiң жұмыс iстеуiн және дамуын қамтамасыз етедi;
3) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-бап. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның құзыретi:
1. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
1) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы мемлекеттiк саясаттың iске асырылуын қамтамасыз етедi;
2) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
3) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң барлық түрлерi бойынша бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi болып табылады;
4) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлейдi;
5) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн субъектiлердiң қызметiн үйлестiредi;
6) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету туралы заңнамаға мониторинг жүргiзедi;
7) мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету туралы халықтың құқықтық сауатын ашуды және оларды құқықтық ақпараттандыруды
қамтамасыз етедi;
8) жоғары оқу орындарына және үкiметтiк емес ұйымдарға құқықтық ақпараттандыру түрiнде халыққа тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету бойынша әдiстемелiк және тәжiрибелiк көмек көрсетедi;
9) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдi баспа басылымдарында мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi жүйесiнiң жағдайы туралы ақпаратты жарты жылда бiр рет жариялануын қамтамасыз етедi.

6. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету тәртiбi

      12-бап. Мемлекеттiк органдардың мемлекет кепiлдiк берген заң
көмегiн көрсету тәртiбi
Мемлекеттiк органдар құқықтық ақпараттандыру түрiндегi мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн өз құзыретi шегiнде «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен көрсетедi.
13-бап. Адвокаттардың мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн
көрсету тәртiбi
1. Адвокаттар мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетудiң субъектiсi ретiнде осы Заңда, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда және тәртiпте азаматтарға тегiн мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетедi.
2. Адвокаттардың мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетуге қатысуын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасы қамтамасыз етедi.
Селолық елдi мекендерде мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн адвокаттардың көрсетуiн облыстың адвокаттар алқасы қамтамасыз етедi.
Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi жүйесiне қатысатын адвокаттардың iрiктеу өлшемдерiн Республикалық адвокаттар алқасы бекiтедi.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасы жыл сайын 1 желтоқсаннан кешiктiрмей аумақтық әдiлет органына мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi жүйесiне қатысатын адвокаттардың тiзiмiн жiбередi. Тiзiмде адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның нөмiрi мен берiлген күнi, адвокаттық қызметтi ұйымдастыру нысаны, атаулары мен адвокаттық қызметтi жүзеге асыру орны көрсетiледi.
Аумақтық әдiлет органы жыл сайын 25 желтоқсаннан кешiктiрмей мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi жүйесiне қатысатын адвокаттардың тiзiмiн тиiстi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында таратылатын мерзiмдi баспа басылымында жариялауға және «Интернет» ақпараттық-телекоммуникациялық желiдегi өзiнiң ресми сайтына орналастыруға шаралар қабылдайды.
4. Аумақтық әдiлет органы жыл сайын 15 желтоқсаннан кешiктiрмей адвокаттармен мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсету туралы келiсiм жасайды.
Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн келiсiм нысанында облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында тұратын халықты адвокаттық қызметпен толыққанды қамтамасыз ету мiндетi қамтылады.
5. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсететiн адвокаттар өз қызметiнде осы Заңның, «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және адвокаттық қызметтi реттейтiн Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң ережелерiн басшылыққа алады.
Адвокаттар «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 4-бабының 1-тармағында көзделген мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiнiң барлық түрлерiн көрсетедi.
6. Адвокаттар алқасына адвокаттар ай сайын есептi айдан кейiнгi айдың 5 күнiнен кешiктiрмей, олар көрсеткен мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы есептi бередi. Есептiң нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып бекiтедi.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың адвокаттар алқасы Республикалық адвокаттар алқасының ұсынымдарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтетiн нысан бойынша аумақтық әдiлет органдарына жыл сайын 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей адвокаттардың мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсеткенi туралы жиынтық есептi бередi.
Облыстың адвокаттар алқасының жиынтық есебi селолық елдi мекендердiң мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiмен қамтамасыз етiлуi туралы ақпаратты қамту қажет.
8. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi шеңберiнде азаматтарға заң көмегiн көрсеткен адвокаттардың еңбегiне ақы төлеудiң және олардың қорғауға және өкiлдiк етуге және өзге де заң көмегiн көрсетуге байланысты шығыстарын өтеудiң мөлшерiн, тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
14-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетуден бас
тарту
1. Егер өтiнiш берушi өтiнiшiнiң құқықтық сипаты болмаса, құқықтық ақпараттандыру түрiндегi мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетуден бас тартылады.
2. Құқықтық консультация беру және өкiлдiк ету түрiндегi мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетуден, егер:
1) өтiнiш берушi осы Заңның 8-бабының 2-тармағында көзделген мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн алуға құқығы бар адамдар санатына жатпайтын болса;
2) өтiнiш берушi өтiнiшiнiң құқықтық сипаты болмаса, бас тартылады.
3. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн көрсетуден бас тарту дәлелденген болуы тиiс және жоғары тұрған органға, прокуратураға не сотқа шағымдана алады.
15-бап. Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн қаржыландыру Мемлекет кепiлдiк берген заң көмегiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

7. Қорытынды ережелер

      16-бап. Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заң
көмегi туралы заңнамасының сақталуын бақылау
Қазақстан Республикасының мемлекет кепiлдiк берген заң көмегi туралы заңнамасының сақталуын бақылауды уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

17-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
       Президентi