2012 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңының 6 бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қол жетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2 «Телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, отандық телевизия және радио бағдарламаларын жерсеріктік тарату жүйесі арқылы тарату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 47 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 16, 185-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы К. Мәсімов
Премьер-министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы
№ қаулысымен бекітілген
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
- Осы Қағидалар «Телерадио хабарларын тарату туралы»» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңы 6 бабының 7) тармағына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу тәртiбiн айқындайды (әрі қарай — Конкурс).
- Теле-, радиокомпаниялардың (әрі қарай — Үміткерлер) конкурсқа қатысу өтінімдерін қарау және жеңімпаздарды айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиямен (әрі қарай — Комиссия) жүзеге асырылады.
- Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (әрі қарай – Ұйымдастырушы) жүргізеді.
- Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қол жетімді теле,- радиоарналар тізбесін қалыптастыру (әрі қарай – Тізім) көп арналы хабар таратудың ортасына (цифрлы эфирлі, жерсеріктік телерадио хабарларын тарату) байланысты жүзеге асырылады.
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Комиссияның ұсынымы бойынша Тізімді бекітеді.
- Еркін қол жетімді мемлекеттік емес теле,- радиоарналарды тарату цифрлық эфирлі телерадио хабарларын таратуға толығымен өткенге дейін республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
- Тізімді қалыптастыру үш жылда кемінде бір рет жүзеге асырылады.
- Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы жерсеріктік және цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуы арқылы еркін қол жетімді теле,- радиоарналар тізбесіне кірген теле-, радиоарналарды таратуды қамтамасыз етеді.
- Теле,-радиоарналары еркін қол жетімді теле,- радиоарналар тізбесіне кірген Үміткерлер, жерсеріктік және (немесе) цифрлық эфирлі көп арналы хабар тарату үшін телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторымен келісім — шарт жасайды.
2. Конкурстың өткізілу тәртібі
10. Конкурсты өткізу туралы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.
11. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында, оны өткізу күніне қырық күнтізбелік күн қалғанға дейін жарияланады.
12. Ұйымдастырушымен теле,- радиоарналар тізбесіне қосуға өтінімдерді қабылдау оған қоса берілетін құжаттармен ақпаратты хабарлама жарияланған күннен басталады және конкурсты өткізу күніне бес жұмыс күні қалғанда аяқталады.
Өтінім және қажетті құжаттар нөмірленген беттерімен тігілген түрде, соңғы беті Үміткердің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда жеке тұлға үшін) расталып, жапсырылған конвертте ұсынылады.
Ұйымдастырушы Үміткерден қосымша құжаттар мен міндеттемелерді талап етпейді.
13. Конкурсты өткізу туралы ақпаратты хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
14. Комиссия Қағидадағы өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілгендей, осы Ережеде 1 және 2-қосымшаларға сәйкес тиісінше ресімделген өтінімдер және құжаттар салынған конверттерді конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады.
15. Егер, ұсынылған құжаттар осы Қағиданың 12 тармақтың екінші бөлiгi және 1,2 қосымшаларына қарастырылған талаптарға сай келмеген жағдайда Үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
16. Ұйымдастырушы конверттерді ашу хаттамасын жасайды. Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, Комиссияның қатысып отырған қатысушылары және Комиссия хатшысы қол қояды.
17. Жеңімпаздарды анықтауда жанрлық байланысы және тақырыптық бағыттығы, жеке теле-, радиобағдарламалар көлемі, сатып алынатын
теле-, радиобағдарламалар және ретрансляциялар, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орта тәуліктік тарату уақыты, кадрлық әлеуеті іріктеу критерийлері болып табылады.
18. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
19. Комиссия конкурстың қорытындысын конвертті ашқаннан кейін он күннен асырмай қорытынды жасайды. Байқау қорытындысы бойынша Комиссия ұсыныстары Комиссия мүшелерінің қолы қойылатын хаттамада ресімделеді.
20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еркін қол жетімді
теле-, радиоарналар тізбесін бекіту туралы қаулы жобасы және Комиссия хаттамасы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ұйымдастырушымен бір айдын ішінде жіберіледі.
Телерадио хабарларын таратудың
ұлттық операторы тарататын
еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидасына 1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Телерадио хабарларын таратуды
дамыту мәселелері жөніндегі комиссия төрағасына
Өтінім
Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне қосуға
Жалпы мәлімет:
1. Толық атауы
Заңды тұлға/ жеке тұлға А.Ә.Т.
___________________________________________________
2. Заңды мекенжайы:
________________________________________________________
3. Телефон, факс нөмірлері:
____________________________________________________________
4. Теле-, радиоарнаның атауы:
____________________________________________________________
5. Тақырыптық бағыты:
____________________________________________________________
6. Тарату аумағы:
____________________________________________________________
7. Көпарналы хабар тарату ортасы (цифрлық эфирлік/жерсеріктік):
____________________________________________________________
Бірінші басшының /
жеке кәсіпкердің қолы
МО 20__ ж. «___»___________
Телерадио хабарларын таратудың
ұлттық операторы тарататын
еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың
тізбесін қалыптастыру бойынша
конкурс өткізу қағидасына
2 қосымша
Үміткердің конкурстық ұсыныстары
Үміткердің конкурстық ұсыныстары келесі бөлімдерді құрауы қажет:
Шығармашылық ұсыныстар
Үміткер тапсырады:
теле-, радиоарналарды тарататын торды (келесі айға);
келесі мәліметтерден тұратын ақпаратты:
1) теле-, радиоарналардың тақырыптық бағыты мен олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, аналитикалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, радиобағдарламалары мен көркем және деректі фильмдер);
2) хабар таратудың тілдік сәйкестігі, мемлекеттік тілде
теле-, радиоарналардың трансляциялау уақыты;
3) меншіктік теле-, радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрасляциялардың сәйкестігі;
4) орта тәуліктік тарату уақыты;
5) сандық мөлшерде көрсетілген шығармашылық және техникалық жұмысшылардың кадрлық әлеуеті.
Техникалық ұсыныстар
Үміткер тапсырады:
теле-, радиобағдарламаларды өндіруге стационарлық студиялық жабдықтың бар болуы, жағдайы және түрі туралы ақпаратты;
аппаратты-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасын;
теле-, радиобағдарламаларды жоғары сапалы дыбыспен және бейнемен эфирге жіберу жөніндегі міндеттемені;
студиялық кешеннің орналасқан жері, ұлттық оператордың қабылдау-тарату желісіне дейін теле-, радиоарнаны тарату әдісі туралы ақпаратты;
ұлттық оператордың желісіне дейін (теле-, радиоарналар) сигналдың жетуін қамтамасыз ету бойынша міндеттемені.
Қаржылық ұсыныстар
төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
1) анықтама берілген уақытқа дейін,үш айдан астам мерзімге банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;
2) бірінші басшы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғамен қол қойылған соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) үш айдан артық мерзімге міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер мен салық берешектерінің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінім конверттерін ашу күнінен бір айдан ерте емес мерзімде берілген бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер және салық берешектері болуы туралы тиісті салық органдарының анықтама түпнұсқасы;
техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындарын көрсету.
Үміткер өзінің пікірі бойынша Комиссияға конкурстық ұсынысты объективті түрде бағалауға мүмкіндік беретін, конкурстың мәніне байланысты кез — келген мәліметі бар қосымша құжаттарды ұсына алады.