Право и СМИ Центральной Азии

Жоба! «Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы»

«Телерадио хабарларын тарату туралы»» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған міндетті теле,-радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі

 

Қ. Мәсімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы «   »

№       қаулысымен бекітілген

 

Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы міндетті теле,-радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізудің қағидалары (бұдан әрі — Қағида) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 6-бабы, 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату  арқылы таратылатын міндетті теле,-радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі — Конкурс) өткізу ретін анықтайды.

2.  Теле-, радиокомпаниялардың (әрі қарай — Үміткерлер) конкурсқа қатысу өтінімдерін қарау және міндетті теле-,радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссиямен (әрі қарай — Комиссия) жүзеге асырылады.

3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы – Комиссияның жұмысшы органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі — Ұйымдастырушы).

4. Комиссия ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Міндетті теле-,радиоарналар тізбесін (бұдан әрі — Тізбе) бекітеді.

5. Тізбені қалыптастыру үш жылда бір рет өткізіледі.

6.Телерадио хабарларын тарату операторы тізбеге енген, теле-,радиоарналар трансляциясын және (немесе) ретрансляциясын жүзеге асырады.

7.«Телерадио хабарларын тарату туралы»» Қазақстан Республикасының Заңының 38-бабы, 4-тармағына сәйкес, кабельдік телерадио хабарларын тарату операторлары міндетті теле-,радиоарналар трансляциясын және/немесе ретрансляциясын телерадио хабарларын тарату операторы мен міндетті теле-,радиоарна құқына ие телекомпания арасындағы өзара есептесулер негізінде жүзеге асырады.

2. Конкурсты өткізу тәртібі

 

8.Конкурсты өткізу туралы шешімді Ұйымдастырушы қабылдайды.Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама, оны өткізу күніне қырық күнтізбелік күн қалғанға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Конкурс туралы ақпараттық хабарлама мынадай мазмұнды құру қажет:

— өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні;

— Үміткерлер өтінімдері конвертін ашу күнін, орнын және уақытын.

9. Осы Қағида 1-қосымшасында көзделген нысандағы Үміткердің өтінімін (бұдан әрі — Өтінім) қабылдау ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталады және Конкурс өткізу күніне дейін 5 жұмыс күні қалғанда аяқталады. Үміткерлер Ұйымдастырушыға өтінімдермен қатар, тізбесі осы Қағиданың 2-қосымшасында көзделген конкурстық ұсыныстар (бұдан әрі — құжаттар) ұсынады.

10. Өтінім және қажетті құжаттар нөмірленген беттерімен тігілген түрде, соңғы беті Үміткердің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда жеке тұлға үшін) расталып, жапсырылған конвертте ұсынылады.

Ұйымдастырушы Үміткерлерден қосымша құжаттар мен міндеттерді талап етпейді.

11. Конкурсты өткізу туралы ақпаратты хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.

12. Комиссия құжаттар салынған конверттерді Үміткерлер мен олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурсты өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады.

13. Үміткер өтінімі осы Қағидада көзделген нысанға, 10-тармақтың бірінші абзацында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

14. Ұйымдастырушы екі жұмыс күн ішінде конверттерді ашу хаттамасын құрастырады.

Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, Комиссияның қатысып отырған қатысушылары және Комиссия хатшысы қол қояды.

Конвертерді ашу қорытындысы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жариялануы тиіс.

15. Жеңімпаздарды анықтауда теле,-радиобағдарламалардың әлеуметтік маңызы, хабар тарату торында мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту, жастар мен балаларға арналған теле,-радиобағдарламалардың болуы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау іріктеу критерийлері болып табылады.

Сондай-ақ тақырыптық бағыттығы және жанрлық ара қатынасы, жеке теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляция көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орта тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті іріктеу критерийлері болып табылады.

16. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Комиссия конкурстың қорытындысын конвертерді ашқаннан кейін бес күннен асырмай қорытынды жасайды.

17. Конкурс қорытындысы бойынша Комиссия ұсынымдары Комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді. Конкурс қорытындысы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің www.mki.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.

18. Ұйымдастырушымен Комиссия хаттамасының көшірмесі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тізбені бекіту туралы қаулысының жобасы Конкурс қорытындысы шығарылғаннан соң бір ай ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне жолданады.

Міндетті теле-, радиоарналар

тізбесін қалыптастыру бойынша  конкурс

өткізу Қағидасына 1 қосымша

Қазақстан Республикасында

телерадио хабарларын

таратуды дамыту мәселелері

бойынша комиссиясының Төрағасына

__________________________

 

Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне қосылуға

құқық алуға өтінім

 

Жалпы мәліметтер:

 

  1. Толық атауы

Заңды тұлғаның /толық атауы/жеке тұлғаның аты-жөні.

_____________________________________________________________

2. Заңды мекенжайы:

_____________________________________________________________

3. Телефондардың, факстердің номерлері:

 

______________________________________________________________

4.Теле-, радиоарналардың атауы:

______________________________________________________________

  1. Тақырыптық бағыты және атауы

______________________________________________________________

  1. Таратылу аумағы

______________________________________________________________

 

 

 

Бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы

 

М.О. 201__ ж. «__» ____________

 

Міндетті теле-,радио арналар

тізбесін қалыптастыру бойынша  конкурс

өткізу Қағидасының 2-қосымшасы

 

Үміткердің конкурстық ұсыныстары

 

Үміткердің конкурстық ұсыныстары келесі бөлімдерден тұруы керек:

 

Шығармашылық ұсыныстар

Үміткерлер ұсынуы тиіс:

—  теле-, радиоарнаның хабар тарату торшасын (келесі айға);

—  келесідей мәліметтерді қамтитын ақпаратты:

1)      теле-,радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасын (ақпараттық, сараптамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-,бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);

2)      хабардың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты;

3)       өз теле-,радиобағдарламалар, сатып алынатын теле-,радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы;

4)      Орта тәуліктік тарату уақытты;

5)       сандық түрде шығармашылық, және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті.

 

Техникалық ұсыныстар

 

Үміткерлер ұсынуы тиіс:

—           теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның түрлері туралы ақпаратты;

—           аппаратуралық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасын;

—           -эфирге шығарылатын теле-,радиобағдарламаларының дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беруге міндеттемені;

—           студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны қабылдау-жіберу станцияларына дейін беру тәсілі туралы ақпаратты;

—           таратылу аумағын.

 

Қаржы ұсыныстар

төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:

1) анықтама берілген уақытқа дейін,үш айдан астам мерзімге банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы  қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы  анықтамасының түпнұсқасы;

2) бірінші басшы немесе оның орнын ауыстыратын тұлғамен қол қойылған соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;

3) үш айдан артық мерзімге міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер мен салық берешектерінің жоқтығы туралы немесе конкурстық өтінім конверттерін ашу күнінен бір айдан ерте емес мерзімде берілген бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер және салық берешектері болуы туралы тиісті салық органдарының анықтама түпнұсқасы;

техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындарын көрсету.

Үміткер тарапынан конкурсқа қатысты жеке пікірі болса,  Комиссияның конкурстық ұсыныстарды біршама әділ бағалануына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсына алады.