Право и СМИ Центральной Азии

«Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

  Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 549 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 22, 254-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамына:

Имашев              — Қазақстан Республикасының
Берік Мәжитұлы        Әділет министрі енгізілсін;

мына:

«Жұмағалиев         — Қазақстан Республикасының Байланыс
Асқар Қуанышұлы       және ақпарат министрі, төрағаның орынбасары»,

«Исекешев           — Қазақстан Республикасы Премьер-
Әсет Өрентайұлы       Министрінің орынбасары — Қазақстан
Республикасының  Индустрия және жаңа
технологиялар министрі»,

«Нұршабеков         — Қазақстан Республикасы
Ризат Рахатбекұлы     Байланыс және ақпарат министрлігі Байланыс және
ақпараттандыру комитетінің төрағасы, хатшы»;

«Жұмағалиев         — Қазақстан Республикасының Көлік
Асқар Қуанышұлы       және коммуникация министрі, төрағаның
орынбасары»,

«Исекешев           — Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы       және жаңа технологиялар министрі»,

«Нұршабеков         — Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
Ризат Рахатбекұлы     министрлігі Байланыс және ақпараттандыру
комитетінің төрағасы, хатшы»;

      көрсетілген құрамнан Берік Сайлауұлы Камалиев, Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов