Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 3-ө Өкімі

1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен «www.e-gov.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу кестесі (бұдан әрі – кесте) бекітілсін.
2. Жергілікті атқарушы органдар кестенің уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және іс-шара өткізілгеннен кейін екі күн мерзімде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне кестенің орындалуы туралы ақпарат жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кестенің орындалуы туралы жиынтық ақпарат енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.

      Премьер-Министр                                      С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2013 жылғы 15 қаңтардағы
№ 3-ө өкімімен
бекітілген

Жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен
«www.e-gov.kz» порталында интернет-конференциялар өткізу
кестесі
(іске асыру мерзімі: 2013 жылғы наурыз–қазан)

р/с

Тақырыптық бағыт

Т.А.Ә.

Лауазымы

Өткізу мерзімі
2013 ж.

1

2

3

4

5

1.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру, сондай-ақ оның іске асырылу барысы туралы

Тасмағамбетов
Иманғали Нұрғалиұлы

Астана қаласының әкімі

Наурыз

2.

Қожамжаров
Қайрат Пернешұлы

Ақмола облысының әкімі

Наурыз

3.

Мырзахметов
Асқар Исабекұлы

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Сәуір

4.

Мұсаханов
Аңсар Тұрсынханұлы

Алматы облысының әкімі

Сәуір

5.

Мұхамбетов
Архимед Бегежанұлы

Ақтөбе облысының әкімі

Мамыр

6.

Ізмұхамбетов
Бақтықожа Салахатдинұлы

Атырау облысының әкімі

Мамыр

7.

Мұхамеджанов
Бауыржан Әлімұлы

Маңғыстау облысының әкімі

Маусым

8.

Құсайынов
Әбілғазы Қалиақпарұлы

Қарағанды облысының әкімі

маусым

9.

Бозымбаев
Қанат Алдабергенұлы

Жамбыл облысының әкімі

Шілде

10.

Қуандықов
Болатбек Баянұлы

Қызылорда облысының әкімі

Шілде

11.

Біләлов
Серік Сұлтанғазыұлы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

Тамыз

12.

Ноғаев
Нұрлан Асқарұлы

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Тамыз

13.

Сәдуақасов
Нұралы Мұстафаұлы

Қостанай облысының әкімі

Қыркүйек

14.

Есімов
Ахметжан Смағұлұлы

Алматы қаласының әкімі

Қыркүйек

15.

Сапарбаев
Бердібек Машбекұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі

Қазан

16.

Арын
Ерлан Мұхтарұлы

Павлодар облысының әкімі

Қазан