«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2011 жылғы 3 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында:
1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу туралы куәлігі болған кезде сайлауда байқауды жүзеге асыруға құқылы;
2) халықаралық байқаушыға, сондай-ақ шетелдік бұқаралық ақпарат құралының өкіліне бір аудармашы өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде ілесіп жүре алады деп белгіленсін.
2. Халықаралық байқаушының қоса беріліп отырған сауалнамасының мәтіні бекітілсін.
3. Халықаралық байқаушыларды аккредиттеу мерзімдері 2011 жылғы 7 ақпаннан бастап 28 наурызға дейін белгіленсін.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы
Қ. Тұрғанқұлов

Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы
Б. Мелдешов

Астана, 2011 жылғы 07 ақпан
№ 17/26