Право и СМИ Центральной Азии

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 мамырдағы № 791 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 3-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 8-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 2-баптың 2-тармағында «өздерінің азаматтық құқықтарына өз мүддесін көздей отырып ие болады және оларды жүзеге асырады» деген сөздер «өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып өздерінің азаматтық құқықтарына ие болады және оларды жүзеге асырады, сондай-ақ егер заңнамалық актілерде өзгеше белгіленбесе, құқықтарынан бас тартады» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 3-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекстің және Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келмейді. Осы Кодексте көзделген жалпы нормалар мен арнайы нормалар арасында алшақтықтар болған жағдайларда, арнайы нормалар қолданылады.»;
3) 8-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқтырмайды.»;
4) 10-баптың 1-тармағында:
«меншікке» деген сөз «меншік құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын;
«шаруашылық басқару» деген сөздерден кейін «немесе жедел басқару» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 37-бапта:
1-тармақта «ғана» деген сөз алып тасталсын;
2-тармақта «заңдар» деген сөз «заңнамалық актілер» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 38-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Заңды тұлға белгілі бір атаумен заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркеліміне енгізіледі. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін оның фирмалық атауы болып табылады.»;
7) 42-бапта:
2-тармақта «коммерциялық ұйымдар үшін фирмалық атауы» деген сөздер «заңды тұлғалардың атаулары, ал коммерциялық ұйымдар үшін — фирмалық атауы» деген сөздермен ауыстырылсын;
8) 49-баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«3) заңды тұлғаның, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) немесе лауазымды адамдарының орналасқан жері туралы мәліметтер болмаған;
4) қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асырған мынадай жағдайларда:
заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған;
қызметін тиісті рұқсатсыз (лицензиясыз) не заңнамалық актілерде тыйым салынған қызметті жүзеге асырған;»;
9) 54-баптың бірінші бөлігінде «Төлем қабілеті жоқ» деген сөздер «Дәрменсіз» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 59-баптың 4-тармағының бірінші бөлігінде «мерзімінен бұрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын» деген сөздер «тиісті міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуды немесе орындауды» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 117-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер кондоминиум объектісінің құрамындағы пәтерлер және өзге де тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлар, жеке (бөлек) меншікте болса олар дербес жылжымайтын мүлік объектілері (түрлері) болып танылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы Кодекс пен өзге де заңнамалық актілердің жылжымайтын заттарға байланысты қатынастарды реттейтін нормалары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тікелей көзделген жағдайда осы тармақта көрсетілген заттарға қатысты қолданылады.»;
12) 118-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«118-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі және тоқтатылуы осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркелуге жатады.
Мемлекеттік тіркеудің жылжымайтын мүлікке байланысты өзге де объектілері Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісінде айқындалады.
2. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісінде өзгеше белгіленбесе, жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды, өзгереді және тоқтатылады.
Егер тіркеуден бас тартылмаса, өтініш беру сәті мемлекеттік тіркеу сәті болып танылады.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган тіркеуге ұсынылған құқық белгілейтін құжатта жазба жасау арқылы жүргізілген тіркеуді құқық иеленушінің өтініші бойынша куәландыруға міндетті. Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке меншік құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлік береді.
4. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жариялы болып табылады. Тіркеуді жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген адамға Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісінде белгіленген шектеулерді ескере отырып беруге міндетті.
5. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға не тіркеуден негізсіз жалтаруға сотқа шағым жасалуы мүмкін.
6. Мемлекеттік тіркеу тәртібі осы Кодекске және Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамалық актісіне сәйкес белгіленеді.
7. Азаматтық әуе кемелерін, теңіз кемелерін, ішкі суда жүзу кемелерін, «өзен — теңіз» жүзу кемелерін жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілер ретінде мемлекеттік тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық авиация, сауда мақсатында теңізде жүзу, ішкі су көлігі саласындағы заңдарымен реттеледі.»;
13) 119-бапта:
1-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
2-тармақта «заң құжаттарында немесе» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы Заңында белгіленеді.»;
14) 141-баптың 1-тармағында «адамның» деген сөз «жеке тұлғаның» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 143-бапта:
1-тармақта «немесе заңды тұлға» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақта:
«немесе заңды тұлғаға қатысты олардың» деген сөздер «қатысты оның» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы баптың азаматтың іскерлік беделін қорғау туралы ережелері моральдық зиянды өтеу туралы талапты қоспағанда, тиісінше заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға қолданылады. Заңды тұлғаның іскерлік беделін қорғауға осы Кодексте белгіленген тәртіппен зияндарды өтеу туралы ережелер қолданылады.»;
16) 155-бапта:
1-тармақта:
«сәйкес» деген сөзден кейін «міндетті» деген сөзбен толықтырылсын;
«тіркелгеннен кейін» деген сөздер «тіркелген сәттен бастап» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші сөйлемде «мәміле бойынша құқықтарды» деген сөздер «мәмілені» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші сөйлемде «құқықтар» деген сөз «мәміле» деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 157-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Көрсетілген мәмілені жасау нәтижесінде құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған немесе бұзылуы мүмкін тұлға мүдделі тұлға болып табылады.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мәміле жарамсыз болған кезде тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның барлығын қайтарып беруге, ал заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда (оның ішінде, алынғандар мүлікті пайдалану, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет ретінде болса) — қайтарылуға тиіс мүліктің құнын, мүлікті пайдаланудың, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын, егер мәміле жарамсыздығының өзге салдарлары осы Кодексте көзделмеген болса, ақшалай қайтаруға міндетті.»;
8-тармақта «Жарамсыз» деген сөз «Егер осы Кодексте, заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе немесе мәміленің мәнінен не мазмұнынан өзгеше туындамаса, жарамсыз» деген сөздермен ауыстырылсын;,
18) 159-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Осы баптың ережелері осы Кодекске сәйкес толық әрекет қабілетті деп танылатын (осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағы, 22-1-бабы) кәмелетке толмағандардың мәмілелеріне қолданылмайды.»;
11-тармақта «күнілгері» деген сөз алып тасталсын;
19) 163-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Өкіл коммерциялық өкілдікті қоспағанда, бір уақытта өзі өкілі болып табылатын басқа тұлғаға қатысты да, жеке өзіне қатысты да өкілдік берушінің атынан мәмілелер жасай алмайды.»;
20) 169-баптың 2-тармағында:
«4-тармағында» деген сөздер «4 және 6-тармақтарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Сенім білдірілген адам өз өкілеттігін басқа адамға қайтадан сеніп беретін сенімхатқа бастапқы сенімхат қоса берілуі тиіс.»;
21) 193-1-баптың 2-тармағында «байланыс желілері;» деген сөздерден кейін «телерадио хабарларын тарату объектілері (телевизия және радио хабарларын таратудың жерүсті және жерсеріктік өндірістік-технологиялық кешені); мұнайды қайта өңдеу өндірістері; қуаты кемінде 50 мегаВатт энергия өндіруші объектілер;» деген сөздермен толықтырылсын»;
22) 195-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) сервитут — бөтеннің жылжымайтын мүлкін шектеулі түрде мақсатты пайдалану құқығы;»;
23) 228-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде «заңға қайшы келмейтін өзге де» деген сөздер «өзге, заңға қайшы келмейтін» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 238-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Егер шарт бойынша сатып алушының меншік құқығы мемлекеттік тіркелуге тиіс болса, онда сатып алушының меншік құқығы, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, осындай тіркеу жасалған сәттен бастап туындайды.»;
25) 240-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Иелену мерзімінің өтуі затты иеленген сәттен басталады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
26) 255-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«255-бап. Жер учаскесін және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы»;
27) 292-баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде «кепілпұл» деген сөзден кейін «, кепілдік жарна» деген сөздермен толықтырылсын;
28) 303-бапта:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Банктік салым кепілге қойылған кезде салымшының банктік салым шарты бойынша құқықтары кепілге ұсынылады. Кепіл беруші — салымшы немесе кепіл ұстаушы банктік салым кепілі туралы банкке жазбаша хабарлауға міндетті. Банктік салым кепілі құқығын өткізу кепіл беруші — салымшының банктік салымға құқықтарын кепіл ұстаушыға ауыстыру жолымен жүзеге асырылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігінде «Осы» деген сөз «Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы» деген сөздермен ауыстырылсын;
29) 308-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«308-бап. Кепілді тіркеу
1. Егер осы Кодекстен өзгеше туындамаса, тіркелуге тиісті мүлік кепілі осы мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуі тиіс.
Жылжымайтын мүлік кепілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын органда мемлекеттік тіркелуге тиіс.
2. Кепілдегі мынадай өзгерістер тіркелуге тиіс:
1) заттың ауыстырылуы;
2) қатысушылар құрамының және негізгі міндеттеме (орындау) мерзімінің өзгеруі;
3) негізгі міндеттеме мөлшерінің ұлғаюы.
Кепілдегі басқа өзгерістер қатысушылардың қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
3. Тізілімге кепілді тоқтату туралы жазба:
1) негізгі міндеттеменің орындалуына байланысты кепіл ұстаушының өтініші негізінде кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен кепіл мәнінен ақы өндіріп алу кезінде;
3) кепіл шартын бұзуға байланысты кепілді тоқтатуды тіркеу кезінде;
4) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 322-бабында көзделген өзге де негіздер бойынша кепілді тоқтату кезінде енгізіледі.
4. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындаған кепіл беруші тізілімдегі кепіл туралы жазбаның жойылуын талап етуге құқылы. Кепіл берушінің талабы бойынша кепіл ұстаушы тіркеуді жүргізетін органға қажетті құжаттар мен жазбаша арыздарды табыс етуге міндетті. Кепіл ұстаушы бұл міндеттемелерді орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда кепіл беруші өзіне келтірілген залалдардың өтелуін талап етуге құқылы.»;
30) 319-баптың 1-тармағындағы «Осы Кодекстің 20-бабына сәйкес кепілге салынған ақы өндіріп алынған» деген сөздер «Кепілге салынған» деген сөздермен ауыстырылсын;
31) 320-баптың 2-тармағының 2) тармақшасында:
«екі айдан» деген сөздер «отыз күннен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«берушіге тапсырады» деген сөздерден кейін «немесе тапсырыс хатпен кепіл шартында көрсетілген мекен-жайға кепіл берушіге жібереді» деген сөздермен толықтырылсын;
32) 18-тарау мынадай редакциядағы 7-параграфпен толықтырылсын:
«Параграф 7. Кепілдік жарна
338-3-бап. Кепілдік жарна ұғымы
1. Сауда-саттық кезінде шарт жасасу жөніндегі міндеттемелерді орындауды немесе өзге де міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін төлеуші кепілдік жарнаны алушыға беретін ақша сомасы кепілдік жарна болып танылады.
2. Кепілдік жарнаны төлеу бойынша міндеттеме заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда туындайды. Кепілдік жарнаны төлеу бойынша міндеттеме тараптардың келісіміне байланысты да туындайды.
338-4-бап. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаудың, тоқтатудың немесе орындаудың салдарлары
1. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме төлеушінің кінәсінен орындалмаған кезде кепілдік жарна екінші тарапта қалады.
2. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна қайтарылуға тиіс.
3. Егер осы Кодексте, өзге де заңнамалық актілерде, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасу немесе кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген өзге міндеттемені орындау кезінде кепілдік жарна сомасы жасалған шарт немесе өзге де кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша кепілдік жарна алушыға тиесілі екінші тараптан түсетін төлемдердің есебіне жатқызылады.»;
33) 377-баптың 2-тармағында:
«осы органда борышқор болған» деген сөздер «осы органдар орындамаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
«өзгеше көзделмесе» деген сөздер «міндеттемені орындау жүктелетін өзге мемлекеттік орган айқындалмаған болса,» деген сөздермен ауыстырылсын;
34) 391-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Үшінші тұлға шарт бойынша өз құқығын пайдалануға ниет білдірген сәтінен бастап және үшінші тұлға өз құқығынан бас тартқан сәтке дейін кредитор шарт талаптарына сәйкес борышқордан үшінші тұлғаның пайдасына міндеттемелерді орындауды ғана талап етуге құқылы.».
2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 494-бапта:
баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«494-бап. Кәсіпорынды сату шартының нысаны»;
2-тармақ алып тасталсын;
2) 498-бапта:
тақырыбы және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«498-бап. Кәсіпорынға құқықтардың ауысуы
1. Мемлекеттік тіркелуге тиіс кәсіпорынның құрамына кіретін мүлікке құқық осындай тіркелген сәттен бастап сатып алушыға ауысады. Қалған мүлікке құқықтар екі тарап өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап ауысады.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3) 507-баптың 2-тармағындағы «(508-баптың 3-тармағы)» деген сөздер алып тасталсын;
4) 508-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
5) 518-бапта сөздер «, ал рентаны төлеу үшін қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру көзделетін шартта мемлекеттік тіркелуден өтуге тиіс» деген сөздер алып тасталсын;
6) 544-баптың 3-тармағындағы «мерзімге» деген сөз «мерзімді қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 575 және 582-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«575-бап. Кәсіпорынды жалға алу шартының нысаны
Кәсіпорынды жалға алу шарты тараптар қол қойған бірыңғай құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.»;
«582-бап. Ғимаратты немесе құрылысты жалға алу шартының нысаны
Ғимаратты немесе құрылысты жалға алу шарты тараптар қол қойған бірыңғай құжат жасау жолымен жазбаша нысанда жасалады.»;
9) 585-баптың 2-тармағында «жалдау шартын жаңарту бойынша» деген сөздер «жалдау шартын жаңа мерзімге жасауға арналған» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 594-баптың екінші бөлігі алып тасталсын;
11) мынадай мазмұндағы 594-1, 594-2, 594-3, 594-4, 594-5, 594-6, 594-7-баптармен толықтырылсын:
«594-1 бап. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты
1. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты бойынша жалға беруші жалдаушыға көлік құралын уақытша иеленуге және пайдалануға оны басқару мен оны техникалық пайдалану бойынша қызметтерді көрсетпестен, ақы төлетіп береді.
2. Жалдау шартын белгісіз мерзімге жаңарту туралы және жалдаушының жалдау шартын жаңа мерзімге жасауға (Азаматтық кодекстің 557 және 558-баптары) айрықша құқығы туралы ереже экипажсыз көлік құралын жалдау шартына қолданылмайды.
594-2-бап. Көлік құралын экипажсыз жалдау шартының нысаны
Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты оның мерзіміне қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс.
594-3-бап. Жалдаушының көлік құралын ұстау жөніндегі міндеті
Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, көлік құралын экипажсыз жалдау шартының бүкіл мерзімі ішінде жалдаушы ағымдағы және күрделі жөндеуді жүзеге асыруды қоса алғанда, жалға алынған көлік құралын тиісті жағдайда ұстауға міндетті.
594-4-бап. Жалдаушының көлік құралын ұстауға жұмсалатын
шығыстарды төлеу жөніндегі міндеті
Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалдаушы көлік құралын ұстауға, өз жауапкершілігін сақтандыруды қоса алғанда, оны сақтандыруға жұмсалатын шығыстарды, сондай-ақ оны пайдалануға байланысты туындайтын шығыстарды көтереді.
594-5-бап. Үшінші тұлғалармен жасалатын көлік құралын пайдалану
туралы шарт
Егер көлік құралын экипажсыз жалдау шартында өзгеше көзделмесе, жалдаушы көлік құралын экипажбен немесе экипажсыз жалдау шартының талаптарымен жалға алынған көлік құралын жалға берушінің келісімінсіз қосалқы жалға беруге құқылы.
594-6-бап. Көлік құралымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік
Осы Кодекстің 931-бабының ережелеріне сәйкес үшінші тұлғаларға көлік құралымен, оның тетіктерімен, құрылғыларымен, жабдығымен келтірілген зиян үшін жауапкершілік жалға алушыға жүктеледі.
594-7-бап. Көлік құралдарының жекелеген түрлерін жалдау
ерекшеліктері
Көлік құралдарының жекелеген түрлерін оларды басқару және оларды техникалық пайдалану бойынша қызмет көрсетпестен жалдаудың ерекшеліктері өзге де заңнамалық актілерде белгіленуі мүмкін.»;
12) 601-баптың 2-тармағында «, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда тіркеуге жатады» деген сөздер алып тасталсын;
13) 887-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
14) 915, 916-баптарының 1-тармағында «конкурстық» деген сөз алып тасталсын;
15) 951-баптың 1-тармағында «және заңды» деген сөздер алып тасталсын;
16) 1072-баптың 1-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
17) 1074-баптың 1-тармағының бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мұрагер мұра ашылған күннен бастап алты айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы.»;
18) 1076-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Құқығы мемлекеттік тіркелуге тиіс және тірекелмесе туындаған деп есептелмейтін мүлікті бөлу осындай тіркеуден кейін жүзеге асырылады.».
3. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауар биржалары мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
354-3-баптың тақырыбында және мәтінінде «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
4. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 9-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 25, 27-құжаттар; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
1) 79-баптың 11-тармағында «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын;
2) 80-бапта «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын;
3) 155-баптың 3-тармағында «және олармен жасалатын мәмілелерді»
деген сөздер алып тасталсын.
5. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат):
98-баптың 1-тармағында «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат):
1) 51-баптың 1-тармағының 20) тармақшасында «және олармен жасалатын мәмілелерге» және 52-баптың 1-тармағының 15) тармақшасында «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
7. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-1, 22-2, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар):
180-баптың 6-тармағында «және онымен жасалатын мәмілелерді», 406-бапта «және олармен жасалатын мәмілелерді», «және олармен жасалатын мәмілелерге», 409-баптың 9-тармағында, 455-баптың 1) тармақшасында, 456-бапта, 457-баптың 2) тармақшасында, 582-баптың 3) тармақшасында «және онымен жасалатын мәмілелерге» деген сөздер алып тасталсын;
19-баптың 1-тармағының 12) тармақшасындағы «және 4)» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар):
52-5-баптың 2-тармағында «және олармен жасалған мәмілелерге» деген сөздер алып тасталсын.
9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 182-құжат; 1999 ж., № 11, 357-құжат; № 21, 787-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; 2004 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 16, 70-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 99-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 22, 170-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
14-баптың 9-тармағында «және заңдарға сәйкес онымен мәміле жасасуға» деген сөздер «заңнамаға сәйкес» деген сөздермен ауыстырылсын.
10. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат, № 10, 69-құжат, № 15, 106, 108-құжаттар; № 18, 143-құжат):
32-баптың 1-тармағында «және онымен жасалатын мәмілеге» деген сөздер алып тасталсын.
11. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 5-6, 49-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24, 25-құжаттар; № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 4, 98-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат):
1) 23-баптың 6-тармағының бірінші бөлігінде екінші сөйлем алып тасталсын;
2) 24-баптың 3-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;
3) 32-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде «Қазақстан Республикасының заңдарында және» деген сөздер алып тасталсын;
4) 35-бапта «Жауапкершілігі» деген сөз «Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жауапкершілігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 51-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Серіктестіктің атқарушы органының (директордың, басқарушының) функцияларын орындайтын адамның бәсекелес серіктестікте осыған ұқсас функцияны қоса атқаруға құқығы жоқ.».
12. «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат, № 24, 129-құжат):
68-баптың 13-тармағының екінші бөлігінде «және онымен жасалатын мәмілелерге» деген сөздер алып тасталсын.
13. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 жылғы 8 мамырда «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 9 мамырда «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
3-баптың 3) тармақшасында және 18-баптың 5) тармақшасында «және олармен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
14. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 19, 149-құжат; 2008 ж., № 17-18; 72-құжат):
18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында, 23-баптың 3-тармағында және 24-баптың 5-тармағында «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
15. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 101-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат):
1 -баптың 9) тармақшасында «және олармен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
16. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 18, 142-құжат, 2008 ж., № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2009 жылғы 24 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» 2009 жылғы 22 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) тақырыбында, кіріспеде және бүкіл мәтін бойынша «және онымен жасалатын мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын;
2) 1-баптың 21) тармақшасындағы «мәмілелер,» деген сөз алып тасталсын;
3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жөніндегі қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заңның әрекеті әуе және теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, «өзен — теңіз» жүзу кемелеріне, ғарыш объектілеріне қолданылмайды.»;
4) 4-баптың үшінші бөлігі алып тасталсын;
5) 7-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
6) 8-баптың 7) тармақшасындағы «құқығы» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) егер неке шартында өзгеше белгіленбесе, екінші жұбайдың атына ғана тіркеу жүргізілген жағдайларда, жұбайлардың бірінің ортақ бірлескен меншік құқығы»;
7) 24-бапта:
7-тармақтағы «нотариат куәландырған» деген сөздер «куәландырылған» деген сөзбен ауыстырылсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, тіркеуші органға сенімхат екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме болып табылады. Тіркеуден кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады.».
8) 27-бапта:
1-тармақтың 5) тармақшасындағы «жою үшін» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) жүргізілетін мемлекеттік тіркеуді даулайтын адамның өтініші бойынша»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер осы Заңда немесе тіркеуді тоқтата тұру туралы сот актісінде өзгеше белгіленбесе, тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар жойылғанға дейін, бірақ бір айдан артық емес мерзімге тіркеу тоқтатыла тұрады. Егер тіркеуді тоқтата тұру үшін негіз болған мән-жайлар бір ай ішінде жойылмаса, мемлекеттік тіркеуден бас тартылуы тиіс.
Тіркеуді тоқтата тұру туралы мәліметтер тіркеуге түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізіледі.»;
9) мынадай мазмұндағы 28-1-баппен толықтырылсын:
«28-1-бап. Мемлекеттік тіркеуді даулайтын адамның өтініші
бойынша тіркеуді тоқтата тұру
1. Тіркелетін құқықты (құқық ауыртпалығын) даулайтын адамның өтініші бойынша тіркеу өтініш берілген күннен бастап он күнге тоқтатыла тұрады.
2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мерзім ішінде тіркеуді даулайтын адам сотқа талап-арыз (арыз, шағым) берудің дәлелдерін ұсынса, тіркеу дәлелдер ұсынылған күннен бастап он күнге тоқтатыла тұрады.
Егер көрсетілген мерзім ішінде тіркеуді даулайтын адам азаматтық іс қозғау туралы (талап-арызды қарауға қабылдағаны туралы және тағы басқалары) сот ұйғарымының көшірмесін ұсынса, тіркеу іс сотта шешілгенге дейін тоқтатыла тұрады. Көрсетілген құжат ұсынылмаған жағдайда тіркеу жалғасады.»;
10) 48-бапта:
5-тармақта:
2) тармақшада «қолданылу» деген сөз «негізгі міндеттеменің қолданылу (орындалу)» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада «немесе сол бойынша сыйақы» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасында «не кепіл берушінің» деген сөздер алып тасталсын.
17. «Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 24, 125-құжат):
49-баптың 4-тармағында және 5-тармағының екінші бөлігінде «және олармен жасалған мәмілелерге» деген сөздер алып тасталсын;
56-баптың 7-тармағында «және онымен жасалған мәмілелерді» деген сөздер алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Президенті