Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2009 жылға арналған жоспары (бұдан әрі — Жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысын үйлестіру және осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін.
3. Жоспарда көзделген заң жобаларын әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспарда белгіленген айдың 1-күнінен кешіктірмей және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспарда белгіленген айдың 20-күнінен кешіктірмей ұсынсын.
4. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Прикрепленные файлы:
184 каз постановление.doc