Право и СМИ Центральной Азии

Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының (қысқа-нұсқа)

Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы № 195-1 Заңы (2007.22.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

18-бап. Адвокат құпиясы
1. Адвокат құпиясын адвокатқа жүгiну фактiсi, көмек сұрап өтiнiш жасаған адаммен және басқа да адамдармен жасалған ауызша және жазбаша келiссөздердiң мазмұны туралы, көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның мүдделерiнде жасалатын әрекеттердiң сипаты мен нәтижелерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ заң көмегiн көрсетуге қатысты өзге ақпарат құрайды.
2. Адвокаттардың, адвокаттар алқасы төралқасы, заң консультациясы, адвокат кеңсесi қызметкерлерiнiң заң көмегiн көрсетуге байланысты алынған мәлiметтердi жария етуге, сондай-ақ өз мүдделерi немесе үшiншi бiр адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға құқығы жоқ.
3. Адвокат құпиясына жататын мәлiметтердi көмек сұрап өтiнiш жасаған адамның келiсiмiнсiз жария еткен адвокат заңға сәйкес жауапты болады.

Прикрепленные файлы:
адвокатской деятельности каз.doc