Право и СМИ Центральной Азии

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы (қысқа-нұсқа)

Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 ж.
5 шiлдедегі № 19-I Қазақстан Республикасының Заңы
(2008.26.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

16-бап. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы жариялылық пен ақпарат
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ақпарат ұйымдар қызметiнiң қаншалықты қатерлi және зиянды екенi, қажеттi қауiпсiздiк, зардаптар, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөнiндегi шаралар туралы мәлiметтерден құралады. Ол ашық және жария болып табылады, бұқаралық ақпарат құралдары, байланыс және хабар беру жүйелерi арқылы жариялануға тиiс.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласында ақпаратты лауазымды адамдардың жасырып қалуына, мезгiлiнде бермеуiне немесе көрiнеу жалған ақпарат беруiне жол берiлмейдi.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдайлар жөнiндегi республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi құрылады.

Прикрепленные файлы:
чрезвычайных ситуациях каз.doc