Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелері


Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 тамыздағы № 365 Бұйрығы

«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.Б. Елеусізова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары Е.Д. Дурмағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Төраға

Қ. Есекеев

                                              
Қазақстан Республикасы
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі төрағасының
2009 жылғы 26 тамыздағы
№ 365 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелері

1. Жалпы ереже

1. Осы «Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерін пайдалану және олардың өзара іс-қимыл жасау ережелері» (бұдан әрі - Ереже) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Ереже мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен электрондық ақпараттық ресурстарының, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық желілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етудің, қатысушылары арасындағы өзара іс-қимылы және пайдалануы бойынша міндетті ресімдерінің жиынтығын анықтайды.
3. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) тәжірибелік пайдалану - нақты жағдайлардағы деректерді өңдеудің технологиялық үдерісін және алгоритмдерін өңдеу; пайдаланушының интерфейстерін өңдеу, жүйедегі жұмыстың қателерін анықтау және түзету: жүйенің функционалының іске асырылуының толықтығы мен жеткіліктілігін; дұрыстығын тексеру мақсатында жұмыс үдерісінде ақпараттық жүйені пайдалану. сондай-ақ нақты жағдайдағы желінің жұмысын өңдеудің технологиялық үдерісін және алгоритмдерін өңдеу; желідегі жұмыстың қателерін анықтау және түзету; желінің жұмысының толыктығы мен жеткіліктілігін; дұрыстығын тексеру мақсатында жұмыс үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық желіні пайдалану;
2) өндірістік пайдалану - әзірленген міндеттерінің орындалуының негізгі құралы сияқты негізгі мақсаты бойынша ақпараттық жүйені (ақпараттық-коммуникациялық желіні) пайдалану.

 

2. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалану тәртібі

4. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық жүйелерін (бұдан әрі - МО) пайдалану үшін олардың иеленушілері «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларға қол жеткізуді ұйымдастырудың тәртібін және МО электрондық ақпараттық ресурстарының санатын анықтайды.
5. МО ақпараттық жүйелерін, МО электрондық ақпараттық ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін олардың иеленушісі «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және мемлекеттік стандарттарды, МО электрондық ақпараттық ресурстарының, МО ақпараттық жүйелерінің нормативтік-техникалық құжаттамаларын басшылыққа алуы тиіс.
Нормативтік-техникалық құжаттамамен техникалық тапсырма, техникалық экономикалық негіздеме, ақпараттық жүйенің (ақпараттық-коммуникациялық желі), пайдаланудың құжаттамалары және баска да құжаттамалары түсініледі.
6. МО ақпараттық жүйелерін, МО электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісінде МО ақпараттық жүйелерінде, МО электрондық ақпараттық ресурстарында ақпараттың уақытылы жаңартылуын бақылауды және резервтік көшірмелеу, ақпарат бүлінген немесе жұмыс істемеген жағдайда сақталуын, қорғалуын, қайтадан қалпына келтіруін қамтамасыз етеді.
7. МО ақпараттық жүйелерін, МО ақпараттық ресурстарын пайдалану үдерісінде МО ақпараттық ресурстарына, МО ақпараттық жүйелердегі пайдаланушылардың барлық өтініштерін автоматты түрде есепке алынуын, сақталуын және ақпараттың кезеңімен мұрағатталуын қамтамасыз етеді.
8. МО ақпараттық жүйесіне немесе МО ақпараттық ресурсына жүгіністі есепке алудың автоматтандырылған жүйесі келесі:
1) күні мен уақытын;
2) пайдаланушының атын немесе ақпараттық жүйесінің атауын;
3) компьютерінің ІР-адресін;
4) ресурстың ойлау бөлігін көрсетеді;
5) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүгінген абоненттің операциясы мен басқа қызметтік ақпаратты сақтайды.
9. Жай-күйінің мониторингі мен бақылауын қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйелерінің, МО электрондық ақпараттық ресурстарының, сондай-ақ МО ақпараттық жүйелерімен, МО ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимылдағы мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерін иеленуші Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2007 жылғы 31 шілдедегі № 311-п бұйрығымен бекітілген Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу ережесіне (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4928 тіркелген), сәйкес жай-күйінің тұрақты аудитін жүргізеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға есебін береді.
10. Электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін, пайдалану және ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланған жағдайда «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа алады.
11. МО ақпараттық-коммуникациялық желілерінің жұмыс істеуі  және оларды пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалармен және мемлекеттік стандарттармен, ақпараттық-коммуникациялық желінің иеленушілерінің нормативтік-техникалық құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ережелерде ақпараттық-коммуникациялық желінің сенімді және техникалық дұрыс жұмыс істеуін қолдауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың жиынтығы болуы керек.

 

3. Мемлекеттік органдардың электрондық ақпараттық ресурстары мен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылының тәртібі

12. МО ақпараттық жүйесі және ақпараттық-коммуникациялық желісі тәжірибелік және өндірістік міндетті тәртіпте тапсыруға жатады.
13. Өндірістік пайдалану кезінде ақпараттық жүйе міндеттерінің орындалуының негізгі құралы сияқты, пайдалануы мүмкін.
14. МО ақпараттық жүйесінің немесе МО электрондық ақпараттық ресурсының қауіпсіз және сапалы өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ МО ақпараттық жүйесімен немесе МО электрондық ақпараттық ресурсымен өзара іс-қимыл жасайтын кез келген мемлекеттік емес ақпараттық жүйе немесе мемлекеттік емес ақпараттық ресурс «Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 24 қаулысына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өтеді және заңнамамен белгіленген тәртіпте бағдарламалық өнімдердің сапасын бағалау саласындағы сәйкестікті растау бойынша аккредиттелген органмен сертификатталады.
15. Осы Ереженің 7 және 8-тармақтарына сәйкес МО ақпараттық жүйелерімен немесе МО электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысушы барлық ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді иеленушілерімен жүгінуін автоматты түрде есепке алу қамтамасыз етіледі.
16. Өзара ақпараттық іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету үшін МО ақпараттық жүйесімен, МО электрондық ақпараттық ресурстарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысушы МО ақпараттық жүйелерін, МО электрондык ақпараттық ресурстарын иеленушілері және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің, мемлекеттік емес электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушілері электрондық ақпараттық ресурстардың санаттарын негізге ала отырып, ақпаратты беру және оған қол жеткізудің ережесін (бұдан әрі - Ереже) бірігіп әзірлейді.
17. Ережелерде:
1) ақпараттың түрі;
2) қол жеткізуін берудің кезеңі;
3) қол жеткізуін беруінің себебі;
4) қол жеткізуін беруге негіздеме;
5) ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қатысушылардың электрондық ресурстарға жүгіністерін есепке алудың тетігі;
6) ақпараттық өзара қатынасы үдерісінде бұзылыстар болған жағдайда ақпаратты қайтадан қалпына келтірудің тетіктерін сипаттау;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақпаратты қорғау бойынша көзделген шаралары көрсетіледі.
18. Ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаты және бағдарламалық өнімнің сапасына сертификаты қоса берілуімен әзірленген ереже ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға келісімдеуге жолданады.
19. МО ақпараттық-коммуникациялық желілерінің өзара іс-қимыл жасауы Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көліктік ортасының мәселелері бойынша өзара іс-қимылының ережелерімен анықталады.