Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою және миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі № 75 қаулысы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы» № 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» № 561 қаулыларын жүзеге асыру мақсатында Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты;
2) миссионерлік қызметпен айналысатын азаматтарды есептік тіркеуге (қайта тіркеуге) қою жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары Е.Нұрбековке жүктелсін.
3.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
Құжаттың толық нұсқасын төменнен қараңыз
| Вложения | Размер |
|---|---|
| Алматы облысы әкімдігінің 2008 жылғы 16 сәуірдегі.doc | 102 Кбайт |
Другие материалы
- Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
- Бесінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауда партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың саяси пікірсайысын ұйымдастыру туралы
- 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың республикалық бюджет қа
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 24 қарашадағы № 63/118 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- "Интернет желiсiнiң қазақстандық сегментiнiң домендiк кеңiстiгiн тiркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегi № 220 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

|